⚡️Көптен күткен көгілдір отын Кеңарал және Қазақстанның 10 жылдығы ауылдарына берілді.
✔️AMANAT» партиясының Жол картасында ауылдар мен қалалардың тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету қарастырылған.
🔹 Көксу ауданында бүгінде газдандыруға жататын 26 елді мекеннің 18-і газға қосылды. Сондай-ақ 7 елді мекенде – Талапты, Қаратал, Ақтекше, Айнабұлақ, Ақшатоған ауылдарында, П 4-45 подхозында, Көксу станциясында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Нәдірізбек ауылында құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісімшарт жасалды. Осылайша 2025 жылдың соңына дейін Көксу ауданы 100% газдандырылады.
🔸 Бес жүзден астам халқы бар Қазақстанның 10 жылдығы ауылының тұрғындары да бұл игі жаңалыққа қуануда. Ауыл тұрғындарының айтуынша, табиғи газға қол жеткізу ауыл өміріне жайлылық әкеліп, туған өлкенің дамуына елеулі ықпал етеді.
🔷 Кеңарал және Қазақстанның 10 жылдығы ауылдарында газ құбырларын салу жұмыстары өткен жылдың қараша айында басталған. Газ құбырларының жалпы ұзындығы-17,8 км.
🔶Облыста 358 елді мекеннің 192-сі газдандыруға жатады, қазіргі уақытта 52-і газдандырылды, оның ішінде жыл басынан бері 21 елді мекен газға қол жеткізді, газдандыру деңгейі 51,6% — ға жетті.
🔷2024 жылдың соңына дейін тағы 11 елді мекен газға қосылады. Газдандыру деңгейі 56,5%-ға жетеді.
2025 жылы тағы 63 елді мекен газға қол жеткізе алады.
✔️Биылғы жылдың 19 тамызында құны 131,7 млрд. теңге болатын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілуде.