АБАЙ — ЕҢБЕКҚОРЛЫҚТЫҢ МОТИВАТОРЫ (пікір)

Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келешегіміз жас ұрпаққа ой тастар құнды дүние, тәрбиелік маңызы зор жазба – «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын ұсынды.
Абай өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы. Жастарымыз осы жазылған жайттардан келешегіне жол бастар мағлұматтар алары сөзсіз. Әр қадамды тайға таңба басқандай көрегенділікпен Абай атамыз салып берген болса, сол үрдісті жалғастырып, оны бойымызға сіңіру – біздің міндетіміз. Ұлттық болмысымыз бен салт-дәстүрімізді насихаттауда дана Абайдың тағылымы бізге өнеге, шығармаларынан ұлттық құндылығымыз қалыптасады, дамиды, болашаққа нық қадаммен басамыз. Мақалада әрбір айтылған ой, тұжырым, сипаттама әрбірінің жүрегіне жол тауып, қолдау табарына сенімім мол.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.