Үшемнің ата-анасы Имангабуловтар отбасы дауыс берді

Үшемнің ата-анасы Имангабуловтар отбасы дауыс берді
Алдабергенов ауылдық округінде тұратын Имангабуловтар отбасында 2020 жылы үшем дүниеге келді. Имангабулова Маржан бір күннің ішініде көпбалалы ана атанды. Бұл отбасыда алдында екі баласы болған. Имангабуловтар балаларына патриоттық сезім сіңіріп сайлауға отбасымен келді.
«Бүгін біз отбасымызбен келіп дауыс бердік. Балаларымыз қазақстанның үлгі тұтар азаматтары болып оскенің қалаймыз. Сол себепті біз әр кезде балаларымызға үлгі көрсетеміз. Референдумда дауыс беру біздің парызымыз. Жарқын болашаққа дауыс беруге шақырамын» деді үшемнің анасы Маржан Имангабулова.