Аудан әкімі Елдос Ахметов Қарабұлақ орта мектебінде орналасқан №124 сайлау учаскесінде Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда дауыс берді.
Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс береді.
Айта кетсек, Ескелді ауданында жалпы Республикалық референдумда дауыс беру 35 учаскесінде жүріп жатыр.
Ескелді ауданында 33 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы.