Жасыл энергия көзі

Елдің үдемелі дамуына, оның технологиялық әртарап­тан­дыруына күрделі және ма­ңызды қадам – атом энер­ге­тикасының дамуы. Өйткені уран барын, оның қоры бойын­ша әлемде екінші орында екені­міз­ді ескерсек, АЭС салу ісіне жүрексінбей кірісуге болады. Онда атом өнеркәсібі мен медицина саласында ғылыми зерт­теу, ауыл шаруашылығы, эко­но­миканың барлық бағытында дамуға зор мүмкіндіктер туады. Заманауи технологиялардың деңгейі атом стансасын салуға жетеді. МАГАТЭ талаптарына сай қауіпсіздік ережелерін сақ­тап, керекті міндеттелген стан­дарт­­тарын қолданып, шыққан қалдықтарды залалсыздандырып, тиісті шараларын орындап отыр­­са, ешқандай қорқыныш болмауға тиіс.

АЭС жан-жақты дамуға үлкен мүмкіндік береді. Эконо­ми­­калық тұрғыдан қарасақ, тиім­­­ділігі жоғары. Электр энер­гиясының құны төмен. Уран – салыстырмалы түрде арзан әрі тиімді отын. Бізде ол көп. Ұзақ уақыт қызмет етуіне байланысты (60 жылдан астам) атом реакторының пайдалану шы­ғындары да төмен болады. Яғни бастапқы үлкен шығынына қарамастан, ұзақ­мерзімді эко­номикалық тұрғыдан тиім­ділік әкеледі. Жалпы, АЭС тұты­ну­­шыға ауыртпалық түсір­мей, өзін-өзі ақтайды.

Елдің энергожүйесін, энергобалансын, базалық қуатын әртарап­тандыруға және жаб­дық­тау тұрақтылығына АЭС елеулі әсер етеді. Атом энергетикасын дамыту – халық шаруа­шылығының барлық саласын әр­тараптандырып, иннова­ция­лық, технологиялық серпіліс сыйлайды.

Еліміздің парниктік газ шыға­рын­дыларын азайту бойынша халықаралық ұйымдар алдында мін­деттемелері бар. Осы орай­да Президент жариялаған жалпы­халықтық референдумға халық үн қосады, қолдайды деп ойлаймын.

К.Тусупов, Ескелді ауданының тұрғыны