Облыс аумағында маусымнан қарашаға дейін мектеп өміріне әкелер қауымын тарту, белсенділіктерін арттыру және ер азаматтардың тәрбиедегі рөлін арттыруға бағытталған «Әкелер мектебі» жобасы іске асырылуда. Жоба әкелік институтын нығайтуға және дамытуға бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және жобадағы негізгі іс-шаралармен қамтамасыз етіледі.
Оған кемінде 50 жалпы білім беретін мекеме қатысады. Онда өз балаларының өмірі мен тәрбиесіне белсенді қатысуға дайын, жауапты және белсенді әкелерді қалыптастыруға ықпал ететін түрлі іс-шаралар мен тренингтер өткізілетін болады.