«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда. Акция аясында Ескелді ауданында тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша 1 күнде 3 тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигондарға төгілді. Жүзден астам тұрғын «Таза бейсенбі» акциясына белсенді қатысты. Акцияға мәслихат депутаттары, партия белсенділері, «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері және еріктілер қатысты.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы жыл соңына дейін жалғасады.