ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҚОЖАСБАЕВ РУСЛАН СӘДУАҚАСҰЛЫ ЕСКЕЛДІ АУДАНЫ, ҚАРАТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Депутат Қаратал ауылдық округіндегі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 100 орындық мәдениет үйіне барып, жұмыс барысымен танысты.

Халық көптен күткен мәдениет үйінің жұмысы қарқынды.

Тұрғындар бірнеше жылдан бері ауылға мәдениет үйінің қажет екенін айтып келген.

Нысан 30 бөлмеден тұрады. Қосымша кітапхана бөлмесі де қарастырылған. Алдағы айда ғимарат толық аяқталып, ел игілігіне берілмек.

Көлемі 1235 шаршы метрді құрайтын мәдени ошақтың бой көтеруіне «Global Construction kz» ЖШС-і толығымен жауапты. Бүгінде 20-дан астам жұмысшы құрылыс алаңында өз міндеттерін атқаруда.

– Жұмыс қарқыны жаман емес. Барлық сақтық шараларын ескере отырып, құрылыс жұмысын жалғастырудамыз. Техникамыз да, қажетті материалымыз да жеткілікті, – дейді жауапты мердігер мекеменің басшысы Тимур Мұратұлы.