ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҚОЖАСБАЕВ РУСЛАН САДУАҚАСҰЛЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА

Мәжілісмен жұмыс сапарын Ескелді ауданынан бастап, Бақтыбай ауылдық округіндегі «Дюсенбинов » шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Өндіріс процесімен танысып, бірқатар сауалдар қойған халық қалаулысы мұндағы қызметкерлермен де пікірлесті.

«Дюсенбинов» шаруа қожалығы 2007 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 50 адам қызмет атқаратын қожалық жылына 4000 га дәнді дақылдар мен қант қызылшасын егумен айналысады.

Сондай-ақ, облыс бойынша ет өңдеу өнеркәсібі бойынша шағын кәсіпорындар бар, мысалы, «Ким» шұжық цехы 2003 жылдан бастап шұжық өнімдері мен деликатестер өндірумен айналысады. Өндіріске 20-дан астам адам кірістірілген. Өндірістік қуаттылығы күніне 400 кг дайын өнімді құрайды. Аталған кәсіпорын шұжықтарды, ет деликатестерін және ет жартылай фабрикаттарын қамтитын 50-ден астам атауды өндіруді жүзеге асырады. Цех өнімі Жетісу облысының аумағында сатылымға шығарылады.