🔻 Ескелді ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

30.05.2024 жылы ескелді ауданының Севистік әкімдігінде жалпы республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті.

Ауқымды акцияға Аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, кей мәселелерге қатысты кеңесін берді.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары үшін ҚР мемлекеттік органдары өкілдері, заңгерлері мен адвокаттар да тұрғындарды қабылдап, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайында тегін заң көмегін ұсынды.

Жалпы бұл акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету, — дейді сала мамандары.

Аудан тұрғындары келіп, құқықтық кеңес алды.