
Бала — өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды.
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, жанындағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әлем балалармен әдемі!» атты шара өтті, Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау, оларға қоғам болып қолдау көрсету, жағдай жасау және ел азаматы болып қалыптасуына үлес қосу. Бүлдіршіндерге арналған игі шараға арнайы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.К. Бейсбаев, аудандық мешіттің Наиб имамы Д.Сүйінбай, «Адал» волонтерлық тобының волонеры Ю.А.Попова өз жылы лебіздерін білдіріп, тәттілерін таратты. Думанды шара барысында балаларға тәттілер үлестіріліп, сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ, Пломбир театры би билетіп, ойындар ойнатып балдырғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шараның өтуіне демеушілігін білдіргендер:
1.«Оптомир» киім дүкені.
2.« Планета» киім дүкені.
3.«Әлем» кеңсе заттары дүкені,
4.Православный Церковь» .
5.«Балалар әлемі» дүкені.
6.«Фаина»киім дүкені.
7.«Витязь» дүкені.
8.«Болашақ» дүкені.
- «Мега» дүкені
- « Көктем» магазины.
- «Люкс» дүкені.
12.«Рахат» дүкені - «Арзан»дүкені
- «Адал»дүкені
15.Алдаберген а/о «Қанат» дүкені
16.Сырымбет а/о жеке кәсіпкер «Марат» - Жеке кәсіпкер «Құрақ көрпе»
- Теңлік ауылы, жеке кәсіпкер «Вахитов»
- Алдаберген а/о, жеке кәсіпкер «Махамбет»
- Қарабұлақ а/о, жеке кәсіпкер «Мейрақ»
21.Қарабұлақ а/о, жеке кәсіпкер «Шүренбаев» - «Керемет» дәмхана
- «Снова Здраствуйте» дүкені
Бала — басты байлығымыз, ең асылымыз — оның тәрбиесі.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндеттен тұрады. Ол — бала тәрбиесі.Бала тәрбиесінің алғашқы ұстазы ата-ана болып табылады. Тәрбие отбасынан басталады. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалында болады.
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» — деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы шешуші рөл атқарады.