АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Ағымдағы жыл еліміз үшін табысты, берекелі жыл болды. Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында мемлекетіміз қарыштай дамып, әлеуметтік салада, экономикада, ғылым мен өндірісте, білім мен мәдениетте үлкен жетістіктерге жеттік. Оның бәрі де Қазақстанның тұрақты дамуының, халқымыздың ауызбіршілігі мен қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды.
Өткен аптада Журналистер үйінің «Jetysu Media» ақпараттық алаңында аудан әкімі Рауан Рақымбековтің қатысуымен «Ескелді – мақсаты биік аудан» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз конференциясы барысында ауданның бір жылдық жетістіктері және алдағы уақытта жүзеге асатын жоспарлары талқыланды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты серпін сақталып, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды.
Соның ішінде өнеркәсіп саласы, ауыл шаруашылығы, инвестицияға арнайы тоқталды. Әр саланың даму көрсеткіштерінің жоспарларын баяндады.
Баяндамадан соң брифингке қатысқан журналистер «сұрақ-жауап» кезеңіне өтіп, Рауан Тұрданғазыұлына түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Брифинг соңы сұқбатпен аяқталды.
Ақбота ЖАСҰЛАНҚЫЗЫ.