Дәрігер – мейірімділік пен ізгілік жаршысы

Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан және өзіне ғана тән бір жақсы дәстүрі бар. Ол қадірлеуге лайық, өмірін еңбекпен өрнектеген үлкендерді өнеге ету және оларды өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету. Осындай құрметке лайық ақ халатты абзал жан Бақтыбай дәрігерлік амбулаториясында Кабенова Кумыскан Кабдрашевна жұмыс істеп келе жатыр.
Кабенова Кумыскан Кабдрашевна 1958 жылы 15 желтоқсан айында Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.Сол жердегі Абай атындағы орта мектебін бітіріп, Алматы Мемлекеттік медицина институтына түскен.Ол жерде емдеу факультетін жақсы аяқтап, Талдықорған қаласында 1 жыл көлемінде интернатура жұмысын аяқтап, жолдама бойынша туылған жеріне барып жұмыс жасаған. Сол кездері отбасы жағдайына байланысты 1989 жылы қазіргі Бақтыбай ауылында жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда Бақтыбай дәрігерлік амбулаториясында меңгеруші болып қызмет атқарып келеді. Сол ауылда қызмет етіп келе жатқанына 35 жыл көлемі болыпты.
Кумыскан Кабдрашевна, әңгіме басын өзіңізден бастасақ.

Медицина білім-біліктілікті талап ететін мамандық екені мәлім. Сіздің аталған салаға келуіңіздің сыры неде?
– Менің ойымша кез келгеннің дәрігерлікті қалауына болады. Бірақ сол атқа лайық бойында туа біткен қасиет табылуы керек. Мәселен, мейірімділік, жанашырлық сияқты мінез адам бойына білім арқылы ғана емес, ататегі, тәрбие арқылы беріледі емес пе? Әрине сауаттылық ¬басты шарт. Алайда біз айтып отырған тәрбиесіз берілген білім, ұлы ойшыл Әл-Фараби айтқандай, адамзаттың қас жауы. Сонымен бірге дәрігер сырқаттардың өмірін аса жауапкершілікпен мойнына алады.
Бұл салаға ертеректе келген аға буынның бойынан патриотизмді жиі байқаймын. Өйткені оларда еліне, халқына, бауырларына деген махаббат сезімі мол, өз ісіне адал. Қарап отырсаңыз уақытпен санаспай, күні-түні жүктелген міндетті орындауға дайын тұратынын байқаймыз. Қазіргі жас мамандардың өзіндік ерекшеліктері, тәуекелдері бар. Дегенмен осы тұрғыда үлкендерді үлгі тұтса ұтылмайды.
Аурудың үлкен-кішіні елемей, кез келген уақытта келетіні рас. Сондай сәтте ойымызға алғаш оралатыны, жәрдем сұрап, шипа күтетініміз де – осы дәрігер қауымы. Дүние есігін жаңа ашқан сәби шақтан еңкейген қарттық кезең арасында медицина қызметкерлерімен сан мәрте ұшырасатынымыз хақ. Сол себепті де ақ халатты абзал жандарға барша адамзаттың айтар алғысы шексіз-дейді апамыз.

  • Дәрігер еңбегін немен салыстыруға болады?
  • Дәрігерге артылатын жауапкершілік өте үлкен. Өйткені оған адамның бойындағы ең қымбаты – денсаулығы тапсырылған. Ауыр халдегі науқасты аман алып қалғанда, адамдар «бірінші Құдайға шүкір, екінші аман алып қалған дәрігерге рахмет» деп айтып жатады. Енді осындай жағдайда Құдайдан кейін, екінші дәрігердің аты айтылып отырғанынан-ақ осы мамандық иелеріне қандай ауыр жүк артылатынын түсіну қиын емес. Әсте барлық мамандықтардың ішінен дәрігер еңбегі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін, ел-жұрт сыйлайтын мамандық. Қайтіп науқасты ажал тырнағынан арашалап қалам деп дәрігер жанын да, жүрегін де, білімін де аямайды. Қазір Аллаға шүкір, медицина қар¬қынды дамыды, диагностикалық мүм¬кіншілік артты, жүргізілетін ем-дом ши¬па болуда, тіпті ағзаларды алмастыру оталары өмірімізге батыл енгізілді. Көп¬теген қатерлі инфекциялық аурулар елімізде мүлдем жойылды. Өйт-кені қазіргі дәрігерлер ол аурудың шығу себебін, зерттеу жолдарын, клиникалық белгілерін, емдеу тәсілін және профилактикалық іс-шараларды жақсы біледі. Иә, елді күйзеліске ұшыратқан ауыртпалық кезеңдер елімізде аз болмаған. Сол кездері өмір сүрген адамдар оны жеңу үшін бастарын біріктіріп, ортақ ойға келіп, әртүрлі іс-шаралар жүргізіп, қиындықтарды жеңе білген. «Біз не көрмедік?! Аштықты да, тоқшылықты да…» деп күрсініп отырушы еді ертеректегі көне қариялар. Шынында, әр адам басына түскен іске көнеді, сынаққа төселеді, тайсалмай бо¬йына күш-қайрат жинап, әйтеуір бір шешімін тауып, қиындықтарды жеңеді. Бұл – өмір философиясы.
  • Қоғамдағы дәрігердің алатын орны?
    -Азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету — әр мемлекеттің, қоғамның ерекше міндеті. Халықтың дсмсаулығын сақтау және лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету — мемлекеттің адамгершілік саясатының көрсеткіші. Бұл әлеуметтік мәселені іске асыруда, дәрігердің кәсіби әрекеті және адамгершілік қасиеті маңызды болады.
    Адам өмірін сақтау, аурулардың алдын алу және денсаулығын қамтастыру, ем қонбайтын дерттерде қиналуын азайту, дәрігердің кәсіби әрекетінің басты мақсаты. Дәрігер өз әрекеттерін ар-ұятына негіздеп, Гиппократ антын және Қазақстан дәрігерлерінің антын басшылық етіп, гуманизміне және қайырымдылығына, әлемдік қоғамдастықтың әтика құжаттарына сәйкес орындайды. Дәрігер өз шешімдері мен әрекеттеріне толық міндетті және науқастарға көрсетілген жәрдемнің түрлеріне толық жауапты болады. Науқастарға көрсетілген жәрдемнің сапасы ешқашан да оның білімі мен біліктілігінен жоғары болмайтынын есінде сақтап, дәрігер міндетті түрде және үнемі кәсіби дәрежесін жетілдіруі керек. Дәрігер өз әрекетін іске асыруда медицина ілімінің соңғы жетістіктерін қолдануы қажет. Кәсіби шешім қабьшдауында, материалдық пайда табу жағы, дәрігерді қиянатқа итермелемеуі кажет. Дәрі шығару фирмаларының препараттарын тағайындау үшін, дәрігер олардың сыйлықтарын алуға дағдыланбауы жөн. Дәрілерді тағайындаған кезде, дәрігер тек науқастың кұкығын сақтап, меди-циналық көрсеткіштерін басшылық етеді. Соғыс және бейбітшілік жағдайында, медициналық жәрдемді қажет етуші адамдарға, олардың жасына, жынысына, ултына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтылығына және басқадай медициналық емес жағдайьша, сонымен қатар, материалдық жағдайына байланьтссыз көмек беріледі.
    Дәрігер сыйпаты қандай болу керек?
    -Дәрігер әрқашан озінің сыртқы пішініне күнделікті киетін киіміне,мінез – құлқына, сөйлеген сөзіне , жүріс – тұрысына тұрақты түрде көңілін бөліп отыруы өте қажет. Шынында да, басқа мамандыққа қарағанда, дәрігердің өмірі, оның қылықтары, жүріс – тұрысы көпшіліктің көзіне жиі түсіп, олардың “сынына” тұрақты ілінеді деуге болады. Бұлай болудың өзіндік себебі бар, өйткені дәрігер көбінесе мәдениеттіліктің, зиялылықтың , салауатты өмір салтының үлгісі бола отырып, сол қасиеттердің үгітшісі де болып табылады.Дәрігердің мінезі сыпайы болса , қызмет этикетін дұрыс сақтаса , ауру адамдар онымен ашық сойлесіп, айтқан сөзіне сеніп, көңілдері көтеріңкі болып жүреді. Ондай дәрігер,әрбір ауру адамның мұң – мұқтажын түсініп , олардың жасына,жынысына , сырқатының түріне қарай керекті,құлаққа жағымды сөздер тауып,көңілін жұбатады.
    Дәрігердің кәсіптік қызметі о бастан-ақ басқа мамандардың қызметіне ерекшеленетіні сөзсіз. Себебі, дәрігер науқас адаммен жұмыс атқарады. Сау адаммен салыстырғанда науқас адам сырқатын ерекшеліктеріне қарай өзгереді.Дәрігер медициналық білімді маман болумен қатар, науқас жағдайына тікелей байланысты елдің қоғамдық өміріне араласатын, жан жақты қоғамдық азамат, қызметкер болып табылады. Дәрігердің білімі терең ,толық,кең,жетілген болуы тиіс. Алайда, мұндай білімнің болуы ,дәрігер тарапынан адамгершілікті , өзін – өзі тәрбиелеуді дамытуын да талап етеді. Адамгершілігі жоғары дәрігер, таңдаған мамандығына сай , өзін азамат және дәрігер деп қабылдаған қоғам алдындағы жауапкершілігі негізінде өз жұмысын адалдықпен атқара алады.
    Дәрігердің сыпайлылығы – дәрігерге ең басты және қажетті қасиеттердің бірі болып табылады. Дәрігердің өмірі ешқашан аяқталмайтын өмірлік университет.Білім жинау, клиникалақ өнерге ие болуға шек қою дәрігер үшін кәсіби өліммен бірдей. Клиницист А.А.Остроумовтың айтуы бойынша: “Қоғам қажеттілігі үшін өмірлік оқу – дәрігердің қалауы”. Кез келген дәрігердің адамгершілік қасиеті сыпайлылықтың көлеңкесінде қалмауы тиіс, ол өзін өзі жария етуді қажет етпейді. Қиын жағдайларда дандайсуды, орынсыз батырсынуды, дәлелденбеген сенімділіктің көрінісі беткей білімнің,жеткіліксіздерді жасыру мақсатында жасалған екіжүзділіктің белгісі.
    Дәрігердің беделі туралы не айта аласыз?
    -Дәрігердің беделі – дәрігердің мамандық деңгейіне және жеке басының әдептілігіне байланысты болады. Дәрігердің беделдігі науқаспен сұхбаттасу барысында маңызды қызмет атқарады. Дәрігердің осы қасиетін негізге ала отырып , медицина классиктері медициналық қызметкерлердің беделдігін танытатын қасиеттерді анықтаған.Дәрігердің тұлғалық сүйкімділігі оның тілектестігі,ақпейілділігі,адалдығы,
    тұрақтылығы,табиғи сыпайлылығы , мол адамгершілік қасиетімен көрінеді. Дәрігердің әрбір әрекетінің басты мақсаты болып науқастың игілігі табылады.
    Дәрігер бойында қандай қасиеттер болуы керек?
    Дәрігердің шынайлылығы – басты қасиеттерінің бірі болып табылады.Дәрігер қызметінің ауыр міндеттерінің бірі болып,науқасқа,оның жақындарына,тіпті кейде науқастың өмірі жөнінде қайғылы шешімдерді айту саналады.Әрқашан дәрігер науқасқа бар шындықты айтуға міндетті емес. Бірақ, дәрігерге өтірік айтуға тиым салынады.Шындықты айту барысында дәрігер науқас психикасына жанашырлықпен қарауы тиіс.
    Әділеттілік – дәрігердің ең басты рақымшылдығы. Әділеттілік дәрігердің барлық әрекетін,арманын,сенімділігін,ойын қамтиды. Цицеронның айтуы бойынша ең басты екі әділеттілік болып “Ешкімге зияндық жасамау және қоғамға пайда әкелу ” табылады. Дәрігердің қызметі ешқашан жеңіл,қарапайым болмайды. Тәжірбиелік дәрігердің қиын жұмыс жағдайын С.П.Боткин былай деп суреттеген: “Өмірдің қолайсыз жағдайларында рухани тепе – теңдікте болу үшін, сәтсіздікте – қайғыға , ал табыста — бос үміттенуге түспеу үшін, тәжірбиелік дәрігер әрекетіне шынайы бейімділік қажет”.
    Дәрігердің жанкештілігі – ауыр халдегі науқастың төсегінің жанында болуымен,тәулік мерзімі мен ауа – райына қарамай науқастарға көмек көрсетуге аттанумен, өзінің өміріне зияндылық әкелуіне , жағдайдың болмауына қарамастан күрделі тәуекелді операциялық араласуларды жүргізу секілді батырлық әрекеттерімен көрінеді. Жанкештілік батарлықты көрсетемін деген оймен емес ,науқасты құтқару барысында шешім қабылдау, ауру қоздырғыштарын зерттеу,жаңа дәрілік заттардың әсерін анықтау,жедел және қауіпті кәсіби қызметтер кезінде жасалынады.
    Дәрігердің адалдығы – өз мамандығының айналасын ғана қамтитын болса,біржақты болып қалатын еді. Кең мағынадағы турашылық – адалдықтың серігі болып табылады.
  • Әйел адамға дәрігер болу қиын ба?
  • Әрине мамандықтың онайы жоқ. Әйел адам жұмыспен отбасыны қатар алып жүреді. Әйел адам бір қолымен әлемді , екінші қолымен бесікті тербетеді деген рас нәрсе. Қазіргі таңда медициналық білім алған жастар жетерлік. Білім, біліктілік, мейірім, еңбек, адалдық. Бұл дәрігер бойында болатын қасиеттер. Бірақ бұның бәрінен дәрігерге қажет ең негізгі қасиет –шыдамдылық. Әсіресе, жас мамандарға шыдам мен сабыр бастапқы уақытта тіптен қажет.
    Қолы шипа, сөзі дәру демекші дәрігер мен науқастар арасында қалай дұрыс сөйлеуі қажет?
    -Дәрігердің сөзі – өте керемет емдеуші болып табылады,ал егер оны дұрыс қолданбаса,науқасқа өте қатты әсер беріп, тіпті өлімге әкелетін зияндықты тудырады.
    Атақты орыс нейрофизиологы А.М.Бехтеровтың айтуы бойынша “Дәрігердің сөзінен кейін науқастың жағдайын жеңілдемесе – бұл дәрігер емес”. Дәрігердің сөзі емдеу барысында аса маңызды емдік әсер көрсететін ғылыми түрде дәлелденген. Дұрыс таңдалған сөз науқасқа жақсы тәрбиелеуші, оның қатесін жөндеуге көмекші болып табылады. Сонымен қатар,дәрігер сөз арқылы науқасқа денсаулығын сақтау,аурудың алдын алу жайлы айтып,оның білімін дамытады.
    Халық үшін, ел үшін қажымай, талмай еңбек етіп келе жатқан қазақ дәрігерлері үшін де бұл ант қасиетті ереже саналады. Дәрігерлік жұмыстағы адалдық – қазақ дәрігерлерінің айнымас серті.
    Қазіргі заманда әлем бір орында тұрған жоқ. Күн сайын жаңашылдық, жаңа техника… Қай салада болмасын ұдайы дамып, жетіліп, өсу маңызды. Осы ретте, медицина саласы да дамудың дара жолына бағыт алып келеді. Ақ халатты абзал жан Кумыскан Кабдрашевна, адам денсаулығын құтқару жолына толағай табыс, қолына күш-қуат, деніне саулық тілейміз.
    Уақыт тауып сұхбаттасқаныңызға рахмет!

  • Өз тілшіміз