Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті де ұлық мереке — Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Бұл – қайырымдылық пен жанашырлық, ізгілік пен имандылық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мейрам.
Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, игі істер жасауға, жақындарына қамқорлық көрсетуге, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлайды.
Алланың разылығы, ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, мейірім мен кешірімге үндейтін Құрбан айт мейрамы баршаңыздың отбасыларыңызға ырысы мен берекесін ала келсін!
Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.
Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!
Е.Ахметов,
Аудан әкімі