Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Ақ халатты абзал жандар» атты іс-шара өтті. Іс шараға Ескелді ауданының әкімі Ахметов Елдос Турсынбайұлы, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Байузакова Жанар Канатқызы, Ескелді ауданы әкімінің аппаратының басшысы Дюсебаев Берік Оңалбайұлы,аудандық «Аманат» партиясы төрағасының орынбасары Серік Мирас Серікұлы келіп медицна қызметкерлерін құттықтап, марапаттармен, сыйлықтарын табыстады.Құттықтаудан кейін мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! “Денсаулық — адам үшін баға жетпес байлық десек, сол қазынамызды сақтап жүретін, ардақты жандар сіздерсіздер!
Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, себебі, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. “Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз.