СЕГІЗ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«Нұрлы жер» бағдарламасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әзірленіп, бүгінгі күнге дейін халықтың жаппай тұрғын үйге қол жеткізуіне жүйелі түрде жұмыстар жасалып жатыр.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында аталмыш бағдарлама аясында 8 отбасы баспаналы болды. Аудан әкімінің орынбасары Елдос Ахметов баспаналы болған отбасыларды көптен күткен қуаныштарымен құттықтап, көпбалалы отбасыларға үйдің кілттерін табыстады. Жыл басынан бері аудан бойынша 25 үй берілген болатын.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.