Тіл — өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.
Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ демекші-Əр ұлт үшін ең үлкен байлық — оның ана тілі, мəдениеті жəне ұрпақ үшін мұрасы. Əр халық оны мыңжылдықтар бойы салып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Біз мақтан тұтатын біздің ана тіліміз — қазақ тілі. Бұл тілдің тарихы көшпенділік кезеңінен басталғаны анық. Тіліміз — бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер – бұл ана тілім деп білемін! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың əлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім, мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ана тілі — ар өлшемі-дейді Кущ Марина Владимировна . Ұлты орыс болсада қазақша сыныпқа берген Маринаның ата-анасы екен.
Əр халықтың өзінің ана тілі бар. Тілім менің – таусылмайтын байлығым. Ана тілі арқылы алғашқы əліппені таныдым. Содан бері міне, ана тілім мен сөйлеп, құрметтеп келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – əрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дəстүріміз, дініміз, мəдениетіміз осы тілімізде жатыр. Туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз-дейді Марина Владимировна. Өйткені, тіл – ата-бабамыздан бізге қалған аманаты. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен- кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. «Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нəрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады», — деген. Тіл байлығы — əрбір ұлттың мақтанышы. Əр азамат өзінің ана тілін көзінің қарашығындай қарауы жəне ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Бүгінде кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады.
Елімізде қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдері мен шетел азаматтарының қатары артып келеді. Ұлты орыс болса да, қазақ тілінің мәртебесін жоғары қоятын Марина Владимировна қазақ тілін ерте жасынан бастап үйренген.
Кущ Марина Владимировна 1995 жылы 22 маусымда Ақсу ауданы Қопа ауылында туып өскен. 2002 жылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепке барып, 2013 жылы сол мектепті аяқтап Талдықорған қаласындағы Жетісу әлеуметтік гуманитарлық колледжіне заңгер мамандығына оқуға түстім-дейді Марина
– Менің ұлтым орыс болғанымен қазақтардың ортасында өстім. Ауылда тұрып, қазақтың салт-дәстүрлерінің барлығын бойыма сіңірдім. 5-6 жасымнан бастап ауылдағы мектепте оқып, қазақ тілін үйрендім. Ал, ата-анам қазақша түсінгенімен, оларға орыс тілінде сөйлеген ыңғайлы. Бірақ, көп жағдайда анаммен және әкеммен қазақ тілінде диалог құруға тырысатынмын, – дейді Марина Владимирона.
Марина Владимировна Қазақстандық азаматша екеніңізге мақтан тұтасызба?
-Қазақтар кез келген жанды өзінің жақынындай көре алады. Ештеңеге қарамай, “бауыр”, “жерлес”, “рулас” деп жақындықты тауып, соңында інім,қарындасым деп отырады. Кез келген уақытта осылай бауыр көріп, қол созуға дайын қазақ халқын жақсы көремін. Тіпті өзге ұлт өкілі болсам да, жақын тартуға себеп тауып, деп етене араласады.
-Қазақ тілін меңгеруің сізге қандай істерде көмектесті?
Қазақ тілін үйренуім қазақ халқымен толықтай танысуға көмектесті деп айта аламын. Себебі, мектеп қабырғасында жүріп әртүрлі сайыстарға қатысқанда көптеген достармен еркін араласып, қазақ халқы жайында мені қызықтырған көп сұраққа жауап таптым. Мүмкін патриоттығымнан бөлек, қазақ тілін меңгеруіме де осы қазақ халқының әдебиетіне, мәдениетіне деген қызығушылығым шығар.
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың ұлт болып қалуы, оның болашағы, мемлекеттің әрі қарай өркендеуі бірінші кезекте оның ана тіліне байланысты. Тіл тағдыры — ел тағдыры. Тіл ұлттың ұйтқысы. Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Ана тілін ұлықтап, оның мәртебесін арттырып отырған халықтың егемендігі баянды, тұғыры биік болады.
Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – халқымыздың баға жетпес байлығымыз, ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл мұрамыз. Ол өте бай, көркем тіл. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Туған тілге деген махаббат ешқашан өшпейді.
Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса ¬солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың парызы. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Тіл – ата-бабаларымыздан қалған аманат. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, борышымыз.Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілі – әрбір адам үшін қасиетті, қастерлі, ұлы. Сол ана тілдің тілдер қатарынан жоғалмауы, оның әрі қарай дамуы, мәртебесінің артуы елдің әр азаматына байланысты. Біздің борышымыз, азаматтық міндетіміз өз тілімізді көздің қарашығындай сақтау, ұлықтау, бағалау, мәртебесін арттыру. Сондықтан өз ана тілімізді ұлықтап, оның мәртебесін арттыруға өз үлесімізді қосайық.
Марина Владимировна еңбек жолын қай жерден бастадыңыз?
-2016 жылы Ескелді ауданының Ішкі саясат бөліміне жастар тәжірибесін өтіп, 2016 жылы Ескелді ауданының Жастар Саясатына кеңесші болып жұмысқа орналастым.
2017 жылы Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік барғдарламалар бөлімінде жұмыс атқардым.
2018-2022 жылы Ескелді ауданы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс жасадым.
2023 жылдан бастап Ескелді ауданы Мансап орталығы филиалында жұмыс жасаймын.
Мамаңдығыныз қандай? Мамандық таңдауда қателеспедіңізбе?
-»Жетісу облысы еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданының мансап орталығы» филиалының бас маманы болып жұмыс істеймін.Өз жұмысымды жақсы көремін.Халыққа қызмет көрсету -мен үшін парыз деп білемін.
-Мамандық таңдау – адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі, өйткені бүкіл болашақ өмір осыған байланысты. Келешекте өкінбеу үшін, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл сауал оқушыны ғана емес, сондай-ақ оның ата-анасын да мазалайды. Себебі, кәсіп таңдау – адамзаттың өмір жолын анықтайтын шешуші сәт. Ең алдымен, кейін жұмыс таба алатын мамандықты іздеу керек. Көп адамдар жалақысы жоғары кәсіптерді ғана қарастырады. Мен мұндай оймен келіспеймін. Ең бастысы – таңдалған мамандық үлкен абырой әкелуі керек. Уақытымыздың көп бөлігін жұмысқа арнағандықтан, ол біздің мүдделеріміз бен мүмкіндіктерімізге сәйкес келіп, қуаныш әкелгенін қалаймыз. Адам жұмысқа ақша қажеттілігі үшін емес, өз ісін ұнатқандықтан баратын болса, бұл оны бақытты етеді. Жақсы немесе жаман мамандықтар жоқ, сізге ұнайтын немесе ұнамайтындары ғана бар. Өмірде бәрі өзара байланысты болғандықтан, дұрыс таңдалған кәсіп өмірдің барлық салаларына әсер етеді. Таңдау қаншалықты сәтті болса, өмір жолы соншалықты қызықты және табысты болады.
Адал қызметкер деген кім? Оның іс-әрекеті, адалдығы неден көрінеді?
-Адал қызметкер болу – тек өз ұлтыңды жақсы көріп, соларға адал қызмет көрсету емес. Біздің еліміз көпұлтты мемлекет болғандықтан, еліміздің дамуы үшін басқа ұлт өкілдері де аянбай еңбек етуде. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріне келіп қоныстануына, қазіргі ұрпақ кінәлы емес, ол өткен тарихтың ізі. Бірақ орыс та, ұйғыр да, неміс те қазақ елінінің құдығынан су ішіп отырғандықтан ішкен суына түкірмесі анық. Сондықтан барлық адамзатты бірдей жақсы көруіміз керек. Түптеп келгенде барлығымыз бір Адам атаның ұрпағымыз. Тек қана түріміз бен, тіліміз басқа.
Ойымды қорытындылайтын болсам, адал қызметкер болу үшін соғысқа барып ерлік жасаудың қажеті жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамызша айтсақ: «Барлық халық пен ұлт – барлық ұлы мен тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуі тиіс». Яғни, еліміздегі ұлтаралық достастық, бейбітшілік және келісімнің көрінісі – өз еліңді, жеріңді, сол елде өмір сүріп жатқан адамдар мен жан-жануарларды сүю.
Марина Владимировна сіз тұрмыстасызба?
-2014 жылы Мұратбек Айдос Абумулимұлымен отбасы құрып қазырғы таңда 3 ұлдын ата-анасымыз. Жолдасым қазақ. Қазақ отбасының келінімін.
«Қазақ отбасына келін болғанымды мақтан етемін. Енем – өте мейірімді кісі. Білмегенімді байыппен үйретті. Ене мектебінен өтіп, көп дүниені үйрендім. Қазақ отбасына тез-ақ сіңісіп кеттім. Бұған қазақ халқының даладай дархан пейілі мен бауырмалдық қасиеттері әсер етті деген ойдамын»,-дейді Марина Владимировна.
- «Келін» дегенде көз алдыңа жүзінен нұры төг¬іл¬ген, ізетті де инабатты, өн бойынан кішілік пен мейірімділік есіп тұратын, талшыбықтай ма¬йыс¬қан сүйкімді жан елестейді. Ежелден, сонау заманнан жаңа табалдырықты имене аттаған сәтінен-ақ жас келін сол отбасы мүшелері¬нің жү¬рек¬теріне шырақ жағып, өмір¬лерінің көкжиегін ке¬ңей¬тетінді. Қиялдарына қанат бітіріп, үйдің қуыс-қуысының бәрін қуанышқа толты¬ра-ды. «Жаңа түскен келіннің аяғымен» осылай әр шаңы¬рақ¬қа құт-береке енетін еді.-деп енеміз түсіндіріп отырады дейді Марина.
Марина қазақтың тілін ғана емес, салт-дәстүрлерін де өте жақсы біледі және қазақ елінде тұрып ұлттың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білмеу ұят деп санайды. Ол қазақтың қуанышты жағдайда жасалатын жоралғыларының бірі – «шашу шашқанды» ұнатады екен. Бұл Маринаның әрбір үйде шашу шашар қуаныш көп болсын деген тілегімен астасып жатқандай. Сондай-ақ, Марина қазақтың ұлттық тағамдарын да дәмді әзірлейді. Қазақтың ұлттық тағамдарын сүйсініп жейді. Сондықтан да, Марина үйінде үнемі бауырсақ пісіреді екен. Ал ең ерекше ұнататыны – Наурыз көже. Сол себепті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін асыға күтеді.
Сіз үшін өмірдегі ең басты құндылық?
Бірінші кезекте, отбасы – тұлғаның қалыптасуында ең маңызды құндылық. Екінші кезекте — адамгершілік. Басқаның барлығы өз ретімен келе береді. Бойыңда адами қасиет болмаса – қалғанының барлығы бос дүние.
Мен қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Мемлекеттік тілді өзімнің ана тілімнен еш кем көрмеймін. Екі тілде де тең дәрежеде сөйлеймін. Əр тілді менгеру үшін ұзақ уақыт, жəне де шыдамдылық керек. Тіл білудің өзі бір өнердің бірі-деп өз сөзін аяқтады Марина Владимировна. - Сұхбаттасқаныңызға рақмет! Жұмысыңызда толағай табыстарға жетуіңізге тілектеспін!
Өз тілшіміз