Тіл ең асыл құндылық

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұрасы. Қазақ тілі — қазақ халқының  басты рухани байлығы. Әр халық үшін тіл маңызды құндылық. Біздің ата-бабамыздан қалған баға жетпес  мұра. Тілден құдіретті, бағалы  қасиет жоқ деп ойлаймын. Қазақ тілі — мемлекеттік тілБүгінгі таңда отбасындағы ұрпақ тәрбиесі- қоғамның бар саласына қатысты  мәселе. Өйткені бүгінгі шағын отбасы – ертеңгі үлкен мемлекет. Мемлекеттің тізгіні сенімді адамның қолында болу үшін ұрпаққа саналы білім қажет. Адам көп тіл білгеннен зиян көрмейді Керісінше оның талабы да, талғамы да артады. Бірақ ең басты тұғырда өз ана тілі тұруы керек. Адамның ой-өрісі өз тілінде дамып жетілгенде ғана  құндылығы артады. Тіл — әр адамның болмысы. Егер тіл жойылса адам болмысыда жойылады. Сенің қазақ екеніңді айғақтайтын таптырмас дәлел, ол – ана тілің. іл отбасылық қарым-қатынас қана  емес, ол қоғамдық дамудың маңызды сатысы. Ұлттың болашағы – оның ана тілінде.

           Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы.Сот саласында да мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыра түсуге қазіргі таңда айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Іс қағаздарының бәрі тегіс мемлекеттік тілде жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолында еліміздің әрбір азаматы, әрбір мемлекеттік мекеме мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту жолында атсалысуға міндетті. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.

 Мемлекеттік тіл — ұлттық және рухани бірліктің басты факторы, оны білу әрбір Қазақстан азаматының парызы және міндеті болып табылады. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде!  Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!

Тіл-баға жетпес қазына. Демек, әр ұлт, әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс деп білемін.

                Менің тілім-қазақ тілі. Мен оның шұбарлануына, аяққа тапталуына әрдайым қасқая қарсы тұруға қауқарлымын. Қазақ тілім байлығым, рухани жан дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік мұра. Еліміздің болашағы-оның ана тілі. Ол әрдайым бізбен өмір сүрері әсте белгілі. Тіл біздің бақытымыз болса, тілдің бақыты-оның болашағының жарқын болуы, ұлтының оны қадір тұта білуі деп білемін «Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, патриот азаматтың жүрегі қашанда тілі, діні болып соғуы тиіс. Себебі, қазақ тілі — Республикамыздың мемлекеттік тілі. Елімізде жүргізілетін іс-шаралар, құжаттар, қағаздар міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы қажет. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпақ пен көбейетіні бесенеден белгілі. Біздің мақсатымыз-әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің қатарында болу. Бұл көздеген мұратқа жету үшін,сауатты ұл мен қыз тәрбиелеу қажет. Ол дегеніміз — өз ана тілінде яғни қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны тереңінен меңгере білген ұл мен қыз.

Әрбір адам өз ана тілінде сөйлеуге міндетті. Мен Отанымды,Тәуелсіз Қазақстанымды,қасиетті де қастерлі мекенімді, байлыққа, қазынаға толы жерімді, ең бастысы болашағы айқын, келешегі жарқын қазақ тілімді мақтан етемін.

Іңкәр Ерболқызы