«ЖЕР АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ

«АMANAT» партиясы іске асырып жатқан «Жер аманаты» жобасының мақсаты – заңсыз жекешелендірілген немесе пайдаланылмай жатқан жерлерді, жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев заңсыз иеленіп отырған 5 млн гектар жерді қайтару жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Әлеуметтік әділеттілік принциптері «AMANAT» партиясы үшін ол – жерді халыққа қайтарып беру. Бүгінгі таңда комиссияның ең негізгі міндеті мен мақсаты осында.

«Жер аманаты» жобасы аясында Сырымбет ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Жер аманаты» жобасы аясында Ескелді ауданында 2023 жылы 18500 га қайтарылғаны айтылды.
Кездесуге келген ауыл тұрғындарының көптеген сұрақтарына жауаптар берілді.