АМАNAT: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА 85 ТОННАДАН АСТАМ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАЛДЫ

Бүгін Жетісу облысынан су тасқынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді. Осы күні жалпы сомасы 40 миллион теңге болатын 85 тонна азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар жөнелтілді.

Су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай жәрдем де көрсетілуде. Мәселен, кәсіпкерлер қаржылай демеушілік жасаса, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік еңбекақысын арнайы есепшоттарға аударған, оның жалпы сомасы 150 миллион теңге болды. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына қажетті 1000 тонна цемент жіберіледі.