Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы — Мемлекеттік көрсетілетін қызмет!

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өзіне-өзі қызмет көрсету мақсатында, қызмет алушыларға портал арқылы қызмет көрсету және тұрғындардың портал арқылы қызмет алу кезеңінде кеңес беру үшін Ескелді ауданы Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы орналастырылып қазіргі таңда ауыл тұрғындарына қызмет етуде. Ауыл тұрғындары «e–gov» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-на бармай, өз уақытын үнемдеп, электронды түрде мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, «Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 1 тоқсанында www.egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік оқыту брошюраларын тарату бойынша жұмыс жүргiзілді. Сонымен қатар әкімшілік ғимаратында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» — атты акциясы өткізілді. Осындай оқытулардың нәтижесінде ауыл тұрғындары Төлеңгіт ауылдық округі әкімдігі ғимаратында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы өз беттерінше қажетті электронды құжаттар нұсқасын алуда.

Өз уақытыңызды үнемдеп, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» тиімді пайдаланыңыз.
«Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
1.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
2.Сауда — саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
3.Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
4.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

«Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі