Мектепте көркем еңбек сабағының маңыздылығы

Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін,
Жоқшылық деген жебірді жермен жексен ететін

Көркем еңбек сабағы балалар мен жасөспірімдерді дамытуда, олардың өмірін рухани байытып, көптеген құндылықтарды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бұл пән оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп қана қоймай, сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Біріншіден, көркем еңбек сабақтары шығармашылық ойлауды дамытады. Оқушылар қоршаған әлемді жаңаша көруді, жаңашыл шешімдерді табуды, түрлі көздерден шабыт іздеуді, өнер арқылы өз ойлары мен идеяларын жеткізуді үйренеді. «Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі» демекші көркем еңбек сабақтары қиялды дамытуға көмектеседі. Кескіндеме, мүсін, қолөнер және басқа да шығармашылық іс-әрекеттер балаларға қайталанбас бейнелер жасау арқылы олардың ішкі әлемін кеңейтуге көмектеседі. Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді. Көркем еңбек сабақтары оқушылардың ұсақ моторикасын дамытатынын да ескерген жөн. Қылқаламмен, қарындашпен, балшықпен, ермекссазбен және басқа да көптеген материалдармен жұмыс істеу дәлдік пен қозғалыстарды үйлестіруді талап етеді, бұл моториканың дамуына жақсы әсер етеді. «Еңбек түбі – береке» демекші, көркемдікке үйрену, еңбекке баулу оқушыларға әртүрлі халықтардың мәдени мұрасын жақсы түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді. Олар әртүрлі дәуірлер мен мәдениеттердің өнер туындыларымен танысады. Бұл олардың ой-өрісін кеңейтуге және әртүрлілікті құрметтеуге көмектеседі.
«Еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кейін болмайсың» деп тегін айтылмаған. Көркем еңбек пәні балаларды еңбек сүйгіштікке үйретіп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Әр істі аяғына дейін жеткізуде шыдамдылық, төзімділік сияқты қасиеттерді дамытады, шеберлік деңгейін арттырады. Көркем еңбек пәнінде бала өнерде және көркем шығармада айтылған адамдардың ойын, сезімін, құндылықтары мен өмірге деген көзқарасын түсініп, бойына сіңіре алады. Халықтың рухани мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан негізгі құндылықтары адамдардың бойында адалдық, мейірімділік, шыншылдық, ұжымшылдық, азаматтық жауапкершілік пен еркіндік сезімін оятуға ықпал етеді.
Көркем еңбек – көп ғасырлық тарихы бар, халық мәдениетінің көп ғасырлық дәстүрлері бар күрделі қызмет. Бұл пән тоқу, бояу, тігу, пішу, бұрау және басқа да дәстүрлі өнер мен ерте заманда ойлап табылған халық қолданбалы өнерін үйретеді. Бұл жағдайда көркем құралдар пайдаланылады, оның көмегімен бала әртүрлі материалдардан – қағаздан, матадан, қағаздан, жапырақтан, картоннан және т.б. жасалған құралдарды (қайшы, пышақ, степлер, инелер, ілмек, т.б.) меңгереді, қасиеттерін зерттейді және олардан өнер туындыларын жасауды үйренеді. Әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, талдау, қорытынды жасау, өз пікірлерін дәлелдеу дағдыларын меңгереді.
Қорытындылай келе, көркем еңбек сабақтары өзін-өзі көрсетуге және өзіне деген сенімділікке ықпал етеді. Еңбек арқылы балалар мен жасөспірімдер өз ойларын, эмоциялары мен сезімдерін білдіре алады. Сонымен қатар олардың жетістіктерін көре аламыз. «Еңбекке жастан, өнерге бастан» дегендей, олардың өзін-өзі бағалауы мен шығармашылық өсуге ынтасы арта түседі.

Самат Бейсембаевич,
«Мичурин атындағы негізгі
орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көркем еңбек
пәнінің мұғалімі