2024 жылғы 15 наурызда (10:00) «БЖЗҚ» АҚ онлайн-форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.
Іс-шараның тақырыбы «Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ».
БЖЗҚ мамандары 01.01.2024 ж. бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) енгізу туралы әңгімелейді, қызметкерлердің қай санатының ЖМЗЖ-мен қамтылатынын және зейнетке шыққан кезде қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемін алатындарын түсіндіреді.
Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз (https://enpf.webex.com/weblink/register/rd901a0f14ed8f8ab4027ac54483636e3 ).
Event-кеңестің нөмірі: (2523 029 6057)
Event-кеңестің паролі: (15032024)