Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 680-нен астам объект бейімделді

2023 жылы Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 684 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.

Қазіргі уақытта елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023 – 2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

Жобада қолжетімділіктің интерактивті картасы сайтына енгізілген ел бойынша бейімделуге тиіс 35 мыңнан астам басым объектілер айқындалды. 2021 – 2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023 – 2027 жылдар кезеңінде жыл сайын кемінде 5 мың объект (5 жылда 27 мың) бейімделуі тиіс. 2021 – 2022 жылдарды қоса алғанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 857 объект осы талапқа сәйкестендірілді.

Алматы қаласында 2023 жылы бейімделуге жоспарланған 721 объектінің ішінен жергілікті атқарушы органдар 684 нысанды мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді ету жұмыстарын жүргізді:

— білім беру – 301 (мектептер, балабақшалар);

— денсаулық сақтау – 233 (аудандық/қалалық ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, амбулаториялар);

— мемлекеттік мекемелер – 59 (қалалық, аудандық, ауылдық әкімдіктер мен бөлімдер);

— мәдениет объектілері – 16 (мәдениет үйлері, театрлар және т. б.);

— спорт нысандары – 4 (спорт залдары, спорт сарайлары және т. б.);

— әлеуметтік қорғау объектілері – 10;

– қызмет көрсету саласында – 61.

«Жалпы қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып, қажетті жағдайлар жасалуда. Меншік иелері объектілерді құрылыс нормаларына сәйкес келтіруге тырысады. Көптеген кәсіпкерлер және мемлекеттік мекемелер шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, кіре берістерді жетілдіруде. Мысалы, Гагарин көшесі, 206 мекенжайындағы №17 емханаға барған кезде денсаулық сақтау мекемесінің қолжетімділігі көңіл қуантады, есік жақтаулары өлшемдерге сәйкес келеді, ыңғайлы лифт те қарастырылған. Сондай-ақ жақында Каспий банкінің бөлімшесіне бардым, онда кіру тобы қайта жаңартылған: кіру алаңы кеңейтіліп, кіреберіс есіктері ауыстырылған, кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы касса, тактильді плиткалар мен көрсеткіштер орнатылған екен. Бұл қала тұрғындарының, оның ішінде біздің де ең көп баратын орындарымыз», – деді бірінші топ мүгедектігі бар Ұлан Іңкәрбеков деген азамат.

Бұдан басқа 2023 жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 112 тексеру жүргізді, оның ішінде: 43 – жоспардан тыс, 58 – профилактикалық бақылау шеңберінде және прокуратураның талабы бойынша 11 тексеру болды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 97 ұйғарым берілді, 10 млн теңгеден астам сомаға 17 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда ғана айыппұл салынады.

gov.kz