«Медицина қызметкерлерінің басым көпшілігі әйелдер мен қыздар, сондықтан көктемгі мереке қарсаңында біздің нәзік жандарға отбасыларының амандығын, мықты денсаулық тілеймін және халқымыздың денсаулығы үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын», — деп атап өтті ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова салтанатты жиналыста.
Сіздердің күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын, өйткені біздің пациенттердің көңіл-күйі сіздердің шынайы қамқорлықтарыңызға, мейірімдеріңіз бен кәсіби шеберлігіңізге байланысты!
Бүгін ведомствоның бірқатар еңбек сіңірген денсаулық сақтау қызметкерлері грамоталармен марапатталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.