8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Елдос Ахметов және аудандық маслихат төрағасы Қанат Сатановпен бірге, ауданымыздың түрлі салада қызмет етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан қарт әжелеріміздің қара шаңырағына арнайы барып құттықтады.
Қазыналы, нәзік жанды аналарымызды мейраммен құттықтап, ыстық лебізін білдірген аудан басшылары аналарға сыйлығын табыстады.
«Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер.
Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Әрқашан, шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Жанұяңызға береке, бірлік тілейміз!» — деген аудан әкімі қарт аналармен әңгімелесіп, естелік суретке түсті.
Білім саласында қызмет атқарып, зейнетін көріп жатқан Айман әжей шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан басшыларына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.