Жемқорлық -жағымсыз әдет

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда көптеген елдерде кеңінен белең алып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген қылмыстың бірі. Ал осы көріністерді туындатқан салалар мемлекеттік үдерістің қарышты дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, сондай-ақ мемлекет билігінң беделіне де нұсқан келтіреді. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін пайдаланып, жеке өзі артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді.
Мемлекетіміздің қазіргі даму жағдайына Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейтудің қосымша шаралары және құқық қорғаушылық қызметті одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығын қабылдауының маңызы зор. Мемлекеттік қызметкердің өзіне белгілі болған сыбайластық құқық бұзушылық оқиғалары туралы хабарлау міндеті енгізіліп, сыбайластыққа қарсы әрекет шаралары жасалған. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізу тиіс.
Сондықтан, қоғамымызға орасан кесел келтіретін сыбайлас жемқорлықпен көп болып алдын алу шараларын атқарайық.

Н. Жақсыбаев,
Аудандық ТЖБ бастығы