Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының партия активі жиыны өтті. Оған аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары, мәслихат депутаттары, мекеме және өндіріс саласының бөлім басшылары мен мамандары, бюджеттік саланың қызметкерлері, мемлекеттік емес ұйымдар және БАҚ-ның өкілдері қатысты.
«Nur Otan» партиясы аудандық партия филиалының төрағасы Р.Рақымбеков 25 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте назарға алынған қоғамдағы алуан түрлі мәселелерді сарапқа салды. Елбасының партияның аймақтық филиалдары өкілдерімен кездесу барысындағы алға қойған міндеттері туралы алға тартты.
«Nur Otan» партиясының қайта жаңғыру шеңберінде берілген тапсырмалар негізінде аудандық партия филиалында атқарылған жұмыстары бойынша партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Идрисов есеп берді. Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Алпысбаев, «Көкжазық» бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Талдыбаев, «Қайнарлы» бастауыш партия ұйымының төрағасы И.Қоқанов баяндамаларын оқыды.
Жиын соңында аудан әкімі Рауан Тұрданғазыұлы алдағы уақытта партия жұмысының бағыт-бағдарын анықтап беретін негізгі 10 міндет бойынша жұмысты күшейтуге тапсырма берді. Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келген актив отырысында партия қатарына қосылғандар салтанатты түрде қабылданды.
З. ЖҰМАБЕКОВА.