Министр Ғани Бейсембаев пәндік олимпиадалардың оқушылар үшін маңызын былайша түсіндірді: «Пәндік олимпиада – балалардың санасында алғашқы ғылыми ізденістерге жол салатын, болашақ ғалымдарды шабыттандыратын, ғылыммен еркін айналысатын жастар тобын қалыптастыратын ең ауқымды бағдарламалық сайыс. Мектеп оқушыларының беделді олимпиадаларға қатысу рейтингі жеңіс қоржынында медальдар санының көбейгенін, білім сапасының артқанын көрсетеді».
Елімізде жыл сайын оқушыларға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада ұйымдастырылады. Биылғы оқу жылында алғаш рет ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиада мақсаты – дарынды ауыл балаларын қолдау, кәсіби бағдар беру, оқушылардың зияткерлік дамуына бағытталған.
Бұл шара қала мен ауыл мектептері арасындағы айырмашылықты болдырмауды көздейді. Республикалық ауыл олимпиадасы 3 кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңге қатысқан оқушылардың 35% -ы II кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. Осындай мүмкіндікті Н. Алдабергенов орта мектебінің 10 «Б» — сынып оқушысы Жандосқызы Мерейге берілді. Ол орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша II іріктеу кезеңіне өтіп, III республикалық кезеңі ағымдағы жылдың қаңтар айында Астана қаласында өтті. Аталған екі кезең қорытындысы бойынша Жандосқызы Мерей топ жарып III дәрежелі диплом, төсбелгі және құнды сыйлықтармен марапатталды. Ауыл олимпиадасы ауыл оқушыларының қабілеттерін ашып, оқуға деген ынталарын жетілдірді. Осындай деңгейде өткізілетін іс – шараларға қатысуға ынталандырады.
Сонымен қатар,олимпиадаға қатысқан оқушыларға әсем қала Астананың көрікті жерлерімен , мұражайларын аралап, әсем қаланың сәулетін тамашалап келді
Д.Занигинова
Аудандық әдістемелік
орталығының әдіскері