Ұлы дала елінің киелі мұрасы

Сара Тастанбекқызы – атақты суырыпсалма ақын, сөз майталманы, айтыс өнерінің қайталанбас шебері. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыры, өнегелі өмірлік жолы қазақтың ұлына да, қызына да үлгі.

Бүгінде арынды Ақсу өзенінің бойында орналасқан Ақын Сара ауылында республикалық тарихи-экологиялық акциясы аясында айтыстың алдаспанының ескерткішінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оған Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгеруші Ғабит Тұрсынбайұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов, Алматы облысының Құрметті азаматы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Гаитова, «Туган-тель» татар этномәдени орталығының белсенді мүшесі Райфа Габитова, аудандық әкімдіктің және Ақын Сара ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

«Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты республикалық тарихи-экологиялық жобасы аясында «Асар» акциясы ашылды. Мерекелік шара барысында Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығынан қыс-қаша мағлұмат берілді. Облыстан келген қонақтар мен аудан әкімінің орынбасары игі тілектерін айтып, шара соңы естелік фотосуретке түсумен аяқталды.