Сайлау тарихы-ел тарихы

Дүниежүзілік сайлау күні 2005 жылы Будапештте (Венгрия) сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жыл сайын аталып өтеді. Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын.Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен басталды. Бұл күнді атап өтудің мақсаты — тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру.
Биыл аталмыш күнге орай Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 29.01 – 01.02.2024 жыл аралығында өткізілетін іс – шаралар жоспары бекітіліп, аудан көлемінде шаралар өткізілді. 2024 жылдың 29 қаңтарында Қаратал, Жетісу орта мектептерінде, Сейфуллин атындағы орта мектебінде 10 — 11 сыныптар арасында «Сенің сайлау құқығың», «Выборы – основа вашего будущего», «Жас сайлаушының дауысы» атты ашық сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаттары:
-сайлау жүйесі, сайлау құқығының қағидаттары, сайлау органдарының мәртебесі, сайлау күні дауыс берудің рәсімдері, дауысты санау құқықтары туралы мағлұмат беру;
-Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, Ата заңды құрметтеуге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет үйінде Дүниежүзілік сайлау күніне арналған «Сайлау тарихы – ел тарихы атты» жиын өткізілді. Жиынға ауданның учаскелік, округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен төрайымдары, орынбасарлары мен комиссия хатшылары, сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары мен аудандық мәслихат төрағасы қатысты. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамы таныстырылып, жиын соңында сайлау жүйесінде 30 жылға таяу қызмет еткен учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшылары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
31 қаңтар күні жоспарға сәйкес ауданымызға қарасты Жастар ауылындағы «Көксу ауылшаруашылық колледжінде» колледж ұжымы мен учаскелік сайлау комиссиясының бірлесе ұйымдастыруымен «Сайлау болашағымыздың негізі» тақырыбында колледж студентерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары қатысты. Шара барысында жас сайлаушылармен сайлау заңнамасы талқыланып, келешек сайлаушылардың сайлау құқығы мен дауысының маңыздылығы туралы әңгіме өрбіді. Бұл шараға 30 жуық студент қатысты.
Ақпан айының 1 жұлдызында жоспарға сәйкес аудандық білім бөлімімен ұйымдастырылған, 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен аудандық білім беру мекемелеріндегі дебаттық клубтар арасында «Конституционное право избирать и быть избранным» тақырыбында дебат өткізілді. Оған 19 мектептің дебат клубтары қатысты.
Аталмыш шаралардың басты мақсаты жас сайлаушылар арасында сайлау жүйесі туралы ақпарат беріп, олардың дауыстарының маңыздылығын дәріптеу.

Ескелді аудандық
сайлау комиссия