
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Еуропа елдерінде грек–рим күресі пайда болды. Жекпе-жек Франция жерінен бастау алған. Сол кездегі жергілікті қала және ауыл тұрғындарының ынтасы күреске ауып, олар біртіндеп осы өнермен айналыса бастады.
2024 жылдың 20 қаңтар күні Қарабұлақ ауылдық округінде Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және Ескелді ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінің ашық біріншілігі өткізілді. Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп, аталған жарысқа 300 спортшы 11 команда қатысып бақтарын сынады.
Грек-рим күресінің ашық біріншілігіне Талдықорған қаласы Жекпе-жек спорт мектебі, Талдықорған қаласы №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Талдықорған қаласы №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Ақсу ауданы, Ескелді ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Жаркент қаласы, Қаратал ауданы, Көксу ауданы, Панфилов ауданы, Шолақай спорт мектебі қатысып, нәтижесінде командалық есепте:
1-орын Талдықорған қаласының Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт интернат колледжі. 2-орын Туран спорт мектебі. 3-орын Ескелді ауданының БЖСМ командасы иеленді. Жеңіске жеткен командалар арнайы кубок, медаль, грамоталармен марапатталды.
Г.Омарова,
Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының жетекшісі