Емберген Жәнібек Саянұлы – жас ақын

Біздің Ескелді ауданы Қарабұлақ орта мектебінде ерекше оқушы бар. Денсаулығына байланысты үйде оқытылса да, білімге деген құштарлығы зор. Адам баласын тағдыр қанша сынаса да, талпынысы бар адамның талабы, өмірге деген құштарлығы оны биік белестерге жеткізеді. Поэзияға деген махббатының арқасында Жәнібектің болашаққа деген көзқарасы да ерекше. Өмірдегі өз орнын тапқандай, алдына қойған мақсаты да, армандары да бар дарынды оқушының өлеңдерін оқып, біздің осындай ертеңгі жалғасымыз, ізбасарымыз бар болғанына қуанамын. Аңсаған армандарына жете берсін деп тілей келе, адам баласының жанын тебірентетін жас ақынның өлең жолдарын жолдап отырмын:
Мейлі, мейлі аяғымнан шалсаң да,
Өмір, мені құлатуды аңсама!
Мен құлап, кесек болып үгілмеспін,
Құздан төмен лақтырсаң да қаншама!
Өмір, мені мүсіркеуді аңсама!
Бақытыңды бағалайсың қаншаға?!
Денсаулықты толық бермей қинадың,
Айтшы, өмір, не істедім соншама?


Амандықты тілеймін қолды жайып,
Есейдік, бала күндер болды ғайып.
Хабарласып тұрсайшы арасында,
Жол түссе, ауыл жақта жолығайық.

Жыр қылып мен айтайын енді осыны,
Сағынғанда не істейсің сен досыңды?
Түнімде маза бермейсағынышым,Жыртұнғанкөңілімешерқосылды


Мен өлеңге жасымнан болдым ғашық,
Ұйқысыз түндерімде толқып, тасып.
Оңашада қолыма қалам алып,
Кете барам шабытпен қолтықтасып.

Шабыт іздеп ой түбін қаза бердім,
Не істесемде, түсінсін қазақ елім.
Жырым барда қырандай шарықтаған,
Жаза бергім келеді, жаза бергім.

Жалайырмын, атым бар айға аттанған,
Бір Алладан күш алып қайраттанам.
Өмір деген аламанға кіргенімде,
Түзде жортқан абадандай айбаттанам.
Тауда өскен тау баласы мен боламын,
Достарыма жазирадай кең даламын.
Ағалардай биікке,шыңға өрмелеп,
Шыңның шыңы Эвереске тең болатын!


Дала салқын сары ала күз келгесін,
Қыстың қамы қиын болар елге шын.
Күрең тартып күңіреніп таудың басы,
Ала тұман тартып жапты пердесін.

Сарыноқайдың бөктеріне күз келді,
Өткен жазым гүл жайнаған қыз ба еді?.
Сарыноқайдың күзіне жыр арнағ
Мен едім күрең ақын,сыз демі.


Сатирик, ақын, жазушы Қыдыр Байдүйсенов атамбақиға аттанғанда туған ой.
Ақын өтті әуелеген жыры бар,
Көкірегінде айта алмаған сыры бар.
Атамызға арнаған шумақтарда,
Күрең күздің күркіреген мұңы бар.

Ақын кетті жыры бар әуелеген,
Жүректерді тербеген әуенімен.
Тірлігінде өлеңімді оқи алмай,
Өзіне жыр жолдадым әуеге мен.


Таңғы уақыт. Басталады күйбелең,
Жан жоқ шығар күйбелеңге күймеген.
Бәрі асығыс, бәрінде бір шаруа,
Қарап тұрып өзге тылсым күйге енем.

Таңғы уақыт.
Шаруаға бәрі асығыс,
Алақанда ұстап тұр Анашымыз.
Жер- Ана тіршілікке қарап жатыр,
Бәріміз сол Ананың баласымыз.


Атам Ембергенге арнау
Ерте кеттің өмірден ерте кеттің,
Мені бірақ жасымда еркелеттің.
Өткен күнді сезімменен суреттеп,
Мен сізді жырымда көркем еттім.

Жүректе бір өкініш тұрады,
Сағынышым кеудеме жыр құяды.
Ата, неге өмірден ерте кеттің?
Сіз кеткелі тас
қамалым құлады.


Іздеп жүріп бақыт таппай қаладан,
Ауыл жаққа сағынышпен қарағам.
Қиялымда қолын бұлғап шақырады,
Туған елім,туған жерім, сары далам.

Ауыл тұрар сағынтып адамдарды,
Бала күнім ойға оралып мазамды алды.
Мен кеткенде жыраққа арман қуып,
Ауыл, сенде әкем мен анам қалды.


Шабытым-ау, еркіндік берші маған,
Мен қалықтап ұшайын, ерші маған.
Жалғыз қалсам жаныма жайғас, шабыт,
Жырымды оқып, өзіңе шер шығарам.

Шабыт, мені сағынтпай келіп тұршы,
Жаныма өзің жылулық беріп тұршы.
Сен барда шумақ-шумақ жыр жазамын,
Жұмбақтау бір сезімге еліктірші.

Айгүл Сырлыбайқызы,
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі