ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Өткен аптада «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында аудан әкімі Рауан Рақымбеков «Nur Otan» партиясымен және прокурор Қ.Шойбековтің қатысуымен азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Өтініштерінде азаматтар атаулы әлеуметтік көмек, қарызды қайтару, жәрдемақыны есептеу, мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен және арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, қиын жағдайдағы азаматтарға көмек көрсету туралы сұрақтар мен ұсыныстарын білдірді.
Өтініш берушілердің барлық өтініштері мен ұсыныстарын тыңдағаннан кейін аудан басшысы тұрғындардың сұранысына заң жүзінде түсіндірмелер беріп, аудан әкімдігінің тиісті тұлғаларына мәселелерді шешуге көмектесуді тапсырды.
А. ОРАЛБЕКОВА.