Ескелді би Жылкелдіұлының туғанына – 330 жыл

Қасиетті Қаратал – әулие, би, батырлар мекені. Ұрпағына ұран, даласына дана болған, шашақты найза қолға ұстап жердің тұтастығын, елдің амандығын сақтаған даңқты қолбасшы, суырылып сөз сөйлеген шешен, әділетті ту еткен би, сәуегей әулие Жылкелдіұлы Ескелді батырдың туғанына биыл 330 жыл. Ескелді Жылкелдіұлының қайраткерлік қызметі жоңғар шапқыншылығы тұсында Сыр бойына үдіре көшкен бір тайпа елді өзінің атақонысы Жетісуға көшіріп келу кезінде жарқырай көрінді. Жалайыр руының Сиыршы аталығынан. Қазақ елінің мүддесі үшін өзінің күш-жігерін жұмсап, саналы ғұмырында дамыл таппай істеген іс-әрекетінің арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт заманда өмір сүруде. Ел бірлігін сақтау, теңсіздікке қарсы тұрып жоңғар-қалмақ басқыншыларымен бетпе-бет соғысты. Бүкіл қазақты біріктіруге, әсіресе өз жерінде ұзақ жылдар бойы қан кешкен Ұлы жүз Жалайыр елінің жер бетінен жойылып кетпеуі үшін орасан зор батырлық, билік, әулиелік қабілеттерін көрсетті.
7 — желтоқсан күні аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сай мектеп оқушылары арасында Ескелді Жылкелдіұлының шығармаларын насихаттау, прозалық шығармаларға деген құштарлығын арттыру мақсатында М.Маметова атындаға орта мектебінде аудандық «Ескелді би» оқулары өтті. Биыл ел бастаған — шешен, қол бастаған — көсем Ескелді бидің туғанына 330 жыл толды. Дана бидің шығармаларын оқушылар кеңінен насихаттап, өзара жарысқа түсті.
Оқулар нәтижесі төмендегіндей: Орта мектептер арасында І орынды Жақыпбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Әділбекұлы Жәнібек, ІІ орын Балпық би атындағы орта мектебінің оқушысы Камалдинова Аяна, ІІІ орын Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушысы Ризабекқызы Нұрсабилә иеленді.Номинация иегерлері:«Көрермен көзайымы» Жалғызағаш орта мектебінің оқушысы Ажболат Ақжүрек,«Жас талапкер» Қарабұлақ орта мектебінің оқушысы Мұса Медина, «Сәтті қадам» Мәметова атындағы орта мектебінің оқушысы Ерғали Аяулым. Негізгі орта мектептер арасында І орын Жаңалық негізгі мектебінің оқушысы Дәулетбай Алия, ІІ орын О.Кошевой атындағы негізгі мектебінің оқушысы Калиева Райгуль иеленді.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!!

Б.Мухаметжанова,
Аудандық білім
бөлімінің әдіскері