Аудандық мәслихат депутаты, ШЖҚ «Ескелді аудандық ауруханасы» МКК директоры Құсмолданова Сауле Рыспекқызы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, медицина саласына еңбегі сіңген, бүгінгі күні зейнеткерлік демалыста отырған- Букабаева Файруза Акеевна мен Петрова Зоя Ефимовна ардагерлеріміздің қал жағдайын біліп, өтініш-шағымдарын тыңдап, медициналық көмек көрсетті.Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Даналықтың алтын кілті — ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге зор денсаулық, шаңырақтарына бақ-береке тіледі.