«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Қарттарым, аман-саумысың ?» атты іс шара өтті.Қазақ «Қариясы бар елдің қазынасы бар ел» — дейді. Қарияларды құрметтеп, ардақтау біз үшін – парыз. Себебі, әрбір белес, әрбір асу, ол бір із. Осы орайда ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қазыналы қарттарымызды «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Бақтыбай» бастауыш партия ұйымы жоба аясында қариялардың шаңырағына барып, сый-сияпаттар жасады.