
Сайысқа «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Баяхан Айдын Ықыласұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа тұлпары сақадай сай шабандоздардан құралған коммандалар қатысып, көкпаршылар білек күші мен аттың бауырында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды. Дүбірлі доданы тамашалауға жергілікті халық мол жиналды.
Жеңіске жеткен командаларға марапат және сыйлықтар берілді. Өзін нағыз спорттық бабында екенін көрсеткен шабандоздарға халық риза болд