Үш тілді білу заман талабы

Үштілді оқыту – заман талабы. Жас ұрпақ үшін үштілді жетік меңгеру болашаққа сеніммен қарау деген сөз. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілді білу біздің басты міндетіміз.
Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі.
Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Жан-жақты дамыған тұлға болып өсуіне үлкен септігін тигізеді.
Шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Өз тарапымыздан қолдан келер көмегімізді аямауымыз қажет. «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Менің ойымша, тілді меңгеру барысында тек қана мұғалім жұмыс атқару деген ойдан аулақ болуымыз керек. Отбасы да зор үлесін қосу қажет. Екі тарап біріге жұмыс жасаса, нәтиже де болатыны анық. Әрине, мектепте алған біліміміз баланың бойында ерекше бір әсер қалдыратыны анық. Мұғалімнің сабақтағы қолданатын әдіс-тәсілдері ерекше бір әсер қалдырады. Мысалы, бізге сабақ барысында мұғалім оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын жиі қолданады, мүмкіндігінше сабақты үш тілде жүргізеді, нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Тілдер сөйлейді» сынды тағы басқа ойындарды тиімді қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын үнемі арттырып отырады. Сонымен қатар ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б. түрлері қолданылады, бұл оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болып, оқушылардың тілге деген қызығушылығы одан аса арта түседі. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар логикалық ойлау қабілеттерін де ұштай түседі, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мәселен, «Мақал-мәтелдердің үндестігі», салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, тақырып бойынша табу арқылы үш тілде аудармасын ұсынады үндестігін табу арқылы жан-жақты ойлауға, оқушы өзіннің пікірін айтуға дағдыландырады.
Қазір жаһандық ақпараттың дамыған кезеңі. Заманға сай еліміздегі барлық салада жаңашылдықтар енгізілуде. Мәселен, білім беру мекемелері сандық жүйеге көшіріліп, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуды қолға алуда. Пәннің осы жағдайда өз қиындығы да, қызығушылығы да қатар жүреді. Оқушылар ағылшын терминдерін қолдану арқылы өздерінің тілдік қорларын кеңейтеді, ойлау қабілеттерін дамытады. Менің ойымша, тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де, озық ойлы азаматтар болып тәрбиелеуімізді талап етеді. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына ену үшін басты мақсатымыз – сауатты азамат болу. Ал сауатты азамат дегеніміз өз тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген адам. Көп тілді білген адам өзін еркі сезінеді деп ойлаймын. Әрбір адам ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп атаймыз. Біздің ана тіліміз — қазақ тілі. Қазақ тілі — ғажап тіл, сан ғасырлық тарихы бар тіл. Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұра. Сонымен қатар заманның талабына сай үштілді меңгеру — бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылудың негізгі жолы деп есептеймін. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілімізді құрметтейтін болсақ, өзге тілді қадірлейтін болсақ елімізге елеуі, халқымызға қалаулы азаматы болатынымызға сенімдімін.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтін ақиқат. Себебі көптілді меңгерген бүлдіршіндердің алар белестері биік. Сондықтан көптілді білім берудің басты мақсаты әр білім алушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау. Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Осының бәрі күнделікті жады жағдай. Енді көптілділікті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында халықаралық стандарт деңгейінде тиімді ұйымдастыру үлкен мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында ол «Тілдердің үштұғырлығы» – «Триединство языков» мәдени жобасын кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды. Тілдердің үштұғырлығы идеясында оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Тұңғыш Президенттің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді.
Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Өз іс-тәжірибемізде балалардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. Қазіргі таңда бүлдіршіндерге компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Заман талабына сай білімді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік болып табылады.
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек»
Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.
Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.
Бұл орайда орталықта тіл үйренем деушілер қазақ тілімен қатар ағылшын тіліне де үйреніп жатыр. Бұл бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың ең алғашқы сатысы болып саналады. Өйткені қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық. Ағылшын тілін білген адам, болмаса кадрдың еңбек нарығындағы бағасы өседі. Бүгінде елімізде жұмысқа қабылдағанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды. Ал, кейбір шетелдік компанияларда бұл тіпті талап ретінде қарастырылып жатқаны өтірік емес. Бесаспап, яғни әмбебап маман болам десеңіз, өз ісіңіздің іскері болам десеңіз оған ағылшын тілінсіз айналып бару мүмкін емес. Мемлекеттік тіл мемлекет өмірінің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қатым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде.
К.Ушкинский: «Бала – балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де, мұғалімнің өз қолында», — деп айтқандай үштілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.
Біз еліміздің тірегі, мемлекетіміздің беріктігі өзіміздің қолымызда екенін айқын түсінеміз. Қорытындылай келгенде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз, мұғалімдер өз үлесімізді қосуға, бүлдіршіндерге аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.


Өз тілшіміз