Қолжетімді — электрондық мемлекеттік қызметтер

Жалпы әлемдік үрдіске сүйене отырып Қазақстан мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша саясатты жоспарлы түрде жүргізеді.
Бүгінгі таңда барлық қызметтердің 80% «электрондық үкімет» веб-порталынан алынатын электрондық форматқа ауыстырылды, соның арқасында мемлекеттік қызметтерді смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі ұялы телефон арқылы электрондық түрде алуға болады. Бүгінгі таңда электрондық үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдардың бірі болып табылатындығы рас.
«Көкжазық ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-сі келесі мемлекеттік қызметтер түрін көрсетеді.

  • «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»,
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,
  • «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»
  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
    Электрондық қызметтерді пайдалану үшін, ең алдымен электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) болуы қажет, оны Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО-ға) жүгініп немесе өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан еgov.kz порталынан немесе pki.gov.kz сайтынан алып, әрі-қарай флэш-карта, жеке куәлікке немесе сандық бұлтқа жүктеп сақтауға болады.
    Сондай-ақ, әкімдік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда кез келген уақытта сіз барлық қажетті қызметтерді (анықтамалардың барлық түрлерін) ала аласыз, біз сізге міндетті түрде кеңес береміз және қандай да бір қызметті алуда көмек көрсетеміз.
    Сіздердің әрқайсыларыңыз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментіне телефон арқылы шағымдануға құқығыңыз бар. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ оларды ұсыну сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу үшін 8 (7282) 241191, 8(7282)240688 байланыс телефондары.
    • А.К. Алпысбаева,
      «Көкжазық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы. (87283635182)