Тұмау — тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Жіті респираторлық вирусты жұқпалар тобының құрамына кіреді (ЖРВЖ). Ауруды жұқтыру үшін науқаспен байланысу мендетті емес. Дүкен, қоғамдық көлік, аурухана кабинеттері сияқты жерлерде ауру адамның сізге дейін болғаны жеткілікті. Сөйлеу, түшкіру, жөтелу кезіндегі науқас адамнан бөлінген қоздырғыштар сау адамның тыныс алу жолдарына түсіп, инфекциялануға ұшырайды. Вирустар өте үлкен жылдамдықта жайылады. 39-40°С дейін дене қызуының тез арада көтерілуі, қатты бас ауруы, бет — әлпетінің қызаруы, мұрын бітелу сияқты сипаттар бұл жұқпаға сай.
Екінші-үшінші тәулікте мұрын бітеледі. Асқынбаған күйдегі жоғарғы дене қызуы 5 күнге дейін созылады. Басқа қоздырғыштар әсерінен кеңінен таратылған аурулар жұтқыншақ зардапталуына келесі сипаттамалар сәйкес келеді: мұрын бітелу, жөтел, тамақ қышу, әдетте, 38°С дейін дене қызуы көтеріледі, бірақ тұмауға қарағанда ұзағырақ созылады.
Сырқаттанып қалған жағдайда не істеуіміз керек?
Ең алдымен дәрігердің кеңесін алған дұрыс. Егер де науқас ауыр жағдайда болса немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония және т.б. созылмалы аурулары болған жағдайда ауруханаға жатқызу мүмкін. Ауруханаға тұмауратып барудың қажеті жоқ. Дәрігерді үйге шақырту керек.
Егер де науқас үйде ем алып жатса, отбасы мүшелерін тұмаумен жұқтыру жөнінде ескерту шараларын қолдану керек. Бөлмені жинағаннан кейін, міндетті түрде желдетіңіз. Үй жағдайларында емделген науқас жоғары дене қызуы кезінде, міндетті түрде төсек тартып жату тәртібін сақтау керек. Бұл шаралар ауру асқынып кетпеу үшін қажет.
Интоксикацияның төмендеуі үшін науқас шай, жылы сүт, морстарды, шырындар және т.б. сияқты сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу керек. Дене қызуы 38-38,5°С жоғары болған жағдайда, дене қызуын түсіретін дәрі – дәрмектер қолданылады. Парацетамол басқа дәрілерге қарағанда қауіпсіз болғандықтан, оны ішкен дұрыс. Дене қызуы төмен болса, жағдайыңызға байланысты оны дәрілермен түсірудің қажеті жоқ. Өйткені, қызба – адам ағзасының қорғану-бейімделу реакциясы.
Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?
Жыл сайын ауруханаларда тұрғылықты мекен-жайы бойынша «қауіп-қатер» топқа жататын адамдарға (жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер және т.б.) тұмауға қарсы тегін екпе жасалынады. Ағымдағы жылы ауданда тұ¬мауға қарсы жаппай вакцинация бас¬талды. Вакци¬налардың ДДҰ сертификаты бар және Қазақстанда тіркелген.
Тұмаудан сақтану үшін ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылар көбейген кезде халық көп жи¬налған орындарда болмауға, сал¬қын тигізіп алмауға тырысу қа¬жет және ауа райына сәйкес киіну керек. Сол сияқты, таза ауада серуендер алдында немесе көшеге шығар кезде мұрныңызға оксалин майын жағып алсаңыз тұмау немесе басқа ЖРВИ вируста¬ры¬ның тыныс жолдарына енуі күрт төмендейді.Қысқы уақыт кезінде тамақтың құрамына жуаны, сарымсақты, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ашытылған қырыққабат пен полидәруменді препараттарды қосқан жөн.
Е.Сейсембинов,
Ескелді аудандық
СЭББ басшысы