Жаңа оқу жылы ұстаздар қауымы үшін үлкен мереке.Қазан айының бірінші аптасы ұлық қызмет иелері мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі .Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс-шаралар өтіп,шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады.
Біздің мектеп Сіздерді келе жатқан мерекемен құттықтай отырып,Сіздерге зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз. Құттықтай отырып өз мектебіміздің ,яғни ақын, жазушы Жұматай Жақыпбаев атындағы орта мектебінде спорт саласындағы жетістіктерімізбен бөліскіміз келіп отыр.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының басты міндеті – оқушылардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады.
«Шынықсаң шымыр боларсың» демекші спорт адам серігі қанша жаста болсаң да, қандай спортқа қатыссаң да жас бол, кәрі бол, жағдайың бар болсын, жоқ болсын талпынып отырған адам үшін мүлдем кедергі емес. Кезіндегі ата-бабаларымыз, ата, апаларымыз әртүрлі спорт түрлеріне қатысып, қазақ елін әлемге танытқан. Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отансүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Осы орайда өзіміздің мектебіміз Жұматай Жақыпбаев атындағы орта мектебі спорт бойынша дәрежесі өте жоғары деңгейде деп айта аламыз. Мектебіміз әрқашанда көптеген іс- шараларға қатысып, жүлделі орындар алуда. Айтар болсақ, алдыңғы қатарлардың бірінде деп ауыз толтыра айтуға болады.
Дене шынықтыру пәні ұстаздардың оқушыларға берген білімдерінің үлесі өте үлкен. Білімалушыларға спорт денсаулық кепілі екендігін саналарына сіңіріп, спорт саласына қызықтырып, қанаттарының астына алып, «Волейбол», «Баскетбол», «Тоғызқұмалақ», «Шахмат» үйірмелерінде ұстаздардың шыңдауымен өнерлерін көрсетіп жүр. Оқушыларымыз мектепішілік, аудандық, облыстық орындарға ие болып, мақтау қағаздармен марапатталып, кубок иегерлері атануда. Мысалы, аудан бойынша волейболдан 1 орын иеленіп, облысқа шығып, намысшыл жігіттеріміз де І, ІІІ орындарды иеленіп, облысқа жолдама алды . Облыста да 3 орынды иеленді. Президенттік сынақтан да, тоғызқұмалақтан да жүлделі орындарға ие болды.
Биылғы жылы Егінбайқызы Құралай Түркістан облысында Шардара қаласында қыздар арасындағы өткен «Шардара кубогы» атты II халықаралық турниріне қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Ұстаз – ұлағатты есім. «Ұстаздан шәкірт озар», «Ұяда не көрсең, ұшқанада соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.Мектебімізде осындай намысшыл өрендеріміздің көп болғанына қуанамыз. Шәкірттеріміз алдағы уақыттарда үлкен асуларды еңсеріп, жүлдегер атануына кәміл сенеміз.
Дене тәрбиесінің қағидаттарын сақтау арқылы болашақ ұрпағымызды дені сау, жаны сау азамат тәрбиелейміз.
Зауре Ержанова,
Ж.Жақыпбаев
атындағы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі