37 жылын кітапханаға арнаған кітапханашы

Адам жаны тынышталып, өткенге көз жүгіртіп, тылсым күш пен рухани байлық алып, санасын жаңғыртатын мекен ол -кітапхана. Әрленген әдебиеттерден әлемді тануға болады. Тіпті, күннен күнге көз ілестірмей дамып жатқан смартфонның өзінен жылдам керек кітапты тауып алуға және оның аудиосын тыңдауға болатынын ескінің көзі біле бермесі анық. Дегенмен білімді ұрпақ үшін жасалып жатқан дүниелерден жастар да қалыс қалмауда. Кітапхана десе көз алдына ескі ғимарат, жыртылған, шаң басқан кітаптар елестеуі мүмкін. Бірақ дәл қазіргі уақытта бұл тек қана бірден миға сигнал беретін ой ғана.
Ондағы түрлі шығарылымдар, басылымдар оқырман жүрегіне жылу сыйлары анық. Технологияның дамығаны сияқты кітаптарда өз алдына ерекшеленіп шығарылуда.
Ал оқырманның сұраған кез келген шығармасы мен авторын тауып беруге дайын тұратын ол әрине ерекше статусы бар кітапханашы.
Жүзінен жылу шашып, оқырманға ерекше қызмет көрсететін жанның бірі -Мулкманова Майра Нәбиқызы 1986 жылы Алдаберген ауылдық кітапханасында ересектер кітапханасына кітапханашысы болып тағайындалы. Ел басына күн туған тоқырау кезінде Алдаберген ауылдық кітапхананың және Алдаберген ауылдық балалар кітапханасының сонымен қатар Жаңалық ауылындағы кітапхананың кітап хорын біріктіріп бастапқы жылдарда айлықсыз 2008 жылы ақпан айында қайта ашылғанға дейін көз қарашығындай сақтап келген. 2008 жылдан бері әрбір оқырманының қажетін тауып беріп қызмет көрсетіп , кітапхананы насихатайтын түрлі шаралар өткізіп қажымай талмай еңбек жолын осы уақытқа дейін кітапханада жалғастырып келеді. Атқарған еңбегіне қарай 2020 жылы «Кітапхана ісінің ардагері » төсбелгісі, 2022 жылы «Қазақстаның үздік кітапханашысы » төсбелгісімен мараптталды.2022 жылы Түркістан қаласында өткен «Рухани жаңғыру 2022» байқауында үздік ауылдық кітапхана наминациясы бойынша Мәдениет Витце Минстірінің алғыс хатымен марапатталған .Ардагер әріптесіміздің деніне саулық , еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз.