Өскелең ұрпаққа әлемдік стандартқа сай білім беру мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыратын мектеп. Қазіргі мектепке қойылатын талаптардың бірі-заман талабына сай сабақты тиімді өткізу, оқумен тәрбиелеудің тиімді әдістерін таңдай отырып, өмірмен байланыстылығын нығайту.
Сондықтан, әрбір ұстаз өз ісінің шеберлігін жетілдіру үшін алдына белгілі бір мақсат қоя отырып, жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін баса айтқан болатын.Осы орайда биылғы оқу жылында тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы »-ұлттық құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылуда .Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалды. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Тәрбие жұмысында Ұлттық мүдде, Ар -Ұят, Талап ұлттық құндылықтары арқылы ата-анасын сыйлайтын, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайтын, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейтін, Әр ісіне жауапкершілікпен қарайтын, мейірімді, , ісіне адал, ар-ұятты жоғары бағалайтын ұрпақ өседі деп күтілуде..
Абай атындағы орта мектебінде оқу жылының басынан құндылықтарға негізделген тәрбие жұмыстары жүзеге асырылуда. Ата аналар үшін «Ата ана сағаттары» , «Мектептегі бір күнім» іс шаралары өз нәтижесін көрсетуде. Төлеу Ажар, Сәдуақас Сәуле, Төлебекова Сұлушаш, Арабай Сәмия , Жайырбек Гүлжауар, Байтулегенов Гүлнұр, Имарова Сахинур, Шаймаран Нұржанат, Әділғазы Мөлдір сынды ата аналар келіп оқушылармен Ата ана сағатын өткізді. «Ата анамның мектептегі бір күні» іс шарасына қолынан іс келетін аналар мектеп шеберханасында «Шебердің қолы алтын» үйірмесін өткізді. Қыздарға кесте тігіп, құрақ құраудан шеберлік сағатын жүргізді.
Мектебіміз аудандағы мектептер арасында өзіндік орны бар, қаймағы бұзылмаған ұлттық тәлімі мен тәрбиенің қарашаңырағы. Білім мен тәрбие саласында өтіп жатқан байқаулар, пән олимпиадаларында мұғалімдермен оқушыларымыз жүлделі орындардан көрінуде. Биылғы оқу жылында Республика көлемінде өткен М.Мақатаев оқуларында жүзден жүйрік шыққан 8сынып оқушысы Ырысәлі Ақерке 2 орын алып 50 000 ақшалай сыйлық , облыстық «Бұрымды қыз » байқауында 1 орынды жеңіп алып 130 000 ақшалай марапатқа ие болды. Тәрбие жұмысы бойынша аудан көлемінде өткен көптеген жарыстарға қатысқан оқушыларымыз үнемі жүлдегер атанып , мектеп абройын асқақтата алды.
Әлемнің дамыған мемлекеттерінің алғы көшінен көрінуге бағытталған ұлы мұратының бірі – сапалы білім мен саналы тәрбиені бойына жиған дарынды тұлғаның қалыптасуы екені анық. Өскелең ұрпақтың өзінің туған Отанына деген шынайы сезімі, ұлттық мақтанышы, азаматтық жауапкершілігінің оянуы – ұлттық тәрбие арқылы жүзеге асары һақ.
Клара Укешова,
Жетісу орта мектебі
Тәрбие жұмысың
орынбасары