Әділетті Мемлекет. Бір тұтасұлт. Берекелі қоғам

Қыркүйек айының 23 күні Президентіміз Қ.К. Тоқаев Парламентінің кезекті сессиясының отырысын өткізді. Сөзінің басын кезекті сессияның ашылуымен құттықтады.
Биыл еліміздің жаңа кезеңге қадам басып жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын халқымыздың қолдағанын атады. Еліміздегі саяси жаңғыру негізі экономикалық өзгерістерге ұласатынын айтып өтті, сонымен қатар реформалардың бағдарламаларын тиянақты таныстырды.
Бірінші- бағдарламасында экономикамызда мәселелерді атады. Әлі де болса шикізаттарға тәуелді екенімізді, еңбек өнімділігінің төмендігін, инновацияның жеткіліксіз, ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырмағанын атай отырып осы мәселелерді шешудің жолдарын анықтап берді.
Екінші- бағдарламасында – экономиканы одан ары дамыту үшін нақты институцияллық шешімдер қабылдап, «Конгломерат» ұғымын заң жүзінде айқындап алуды атады.
Үшінші -экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты сол үшін толық шараларын арттыру қажеттегіне тоқталып, өтті.
Төртінші- салық саясатының тиімді болуы кеден жұмысына да байланыстылығын атады.
Бесінші –Бюджет мақсатына тоқталды, онда реформа жасалатынын ескертті. Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатуды өзекті мәселе екенін айтты. Сондай –ақ кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау барысында реттеу жұмысы қажетті, алайда Президент тапсырмасы екі жылдан бері орындалмай келе жатыр, мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты түзете беруден ештеңе шықпайтынын ескертті. Негізгі талап-еңбек ақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсету қажеттігіне тоқталды.
Президентіміз Мемлекет пен жекеменшік серіктестігіміз жаңа үлгіге көшу үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс, себебі қазіргі таңда көптеген жоба кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпетіне айналғанын ескертті, сондықтан үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырды. Үкіметтің жұмысында олқылықтардың қайталануы, жанар –жағармайдың, азық- түліктің қымбаттауы – жіберіп жатқан олқылықтар деп көрсетті.
Ауылшаруашылығын дамыту – дамыту негізі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық- түлік қауіпсіздігіне тікелей ететінін ескертті. Осы жағдайға байланысты бірнеше мысалдарды келтірді, тұтастай алғанда еліміздің агро өнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажеттігін баса айтты. Сондай — ақ ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция тақырыбына да тоқталды.
Еліміздің басты құндылығы -адам, бұл айқын нәрсе. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілгенмен жағдайы әлі мәз емес екенін, жылдар бойы қордаланған түйіткілдерді шешу үшін аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн, соның бірі –қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жадайға айналған, жұрт сақтандыру қосылса да медициналық қызметі толық көлемде емес. Сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамудағы жағдай үлкен олқылық екенін айтты. Сондықтан үкіметке денсаулық саласын қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырды.
Елесі қаралған маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы болды.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар, сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек деді.
Бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың астамы ғана балабақшаға барады, мұндай олқылықтарды жою керек екенін атады, балаларды балабақшамен қамту мәселесін шешу, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейтуді және осы саладағы мамандарға қойылатын талаптарды бекіту, сонымен қатар олардың жұмыс жүктемесін де азайту керек деді. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру үлесін қосады, сондықтан балабақшаны емес тәрбиешіні аттестациялау қажет деді. Әрбір оқушының білім алып жан- жақты дамуы үшін қолайлы жағдай болуы шарт. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алында деп баяндады. Президентіміз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауй мектепте оқуына жағдай жасалатынын және осы жағдай барысында апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі шешілетінін хабарлады. Осы мәселе ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын әдәуір азайтатынын атады.
Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қол жетімді етудің маңызы аса зор, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтардағы балаларға оны бюджет есебінен беру қолжеттілігін айтты. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту қажеттігін атады.
Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айырықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығын абырой беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды, дегенмен бұл бағытта әліде біршама өзгерістер жасалу керек. Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі жөнінде пікірталас туындап жатыр, нақтысын айтқанда біз қазақ тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады, ал біздің күшіміз –білімінде. Оқушылардың алған білімнің және игерген машық дағдысының сапалы және сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір бір деңгейде жауапты екенін сезінуі тиіс. Сондықтан олармен де үнемі тығыз байланыста болу керек екенін баса айтты.
Президент Қ.К. Тоқаевтың білім саласына қойылған талаптарының барысын тиянақты орындауда Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектебімізде Президентің үндеуіне байланысты бірнеше жас мамандар бастауыш сынып, математика, орыс тілі, қазақ тілі пәндерінің ұстаздар қатарын толықтырдық. «Аманат» партиясының ауылды түлетуге арналған бірқатар ірі жобаны асыруда. Сондай – ақ «Аманат» Жетісу облысындағы Саяси кеңестерінің кезекті отырысы өтті.
Президентіміздің әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға бюджет есебінен берілген мектеп формаларымен қамтамасыз етілді. «Аманаттың» Жетісу облысындағы саяси кеңестерінің құрамы 46% жаңарды. «Аманат» партиясы Жетісу облыстық филиалының V есеп беру –сайлау конференциясы өтті. Ондағы қаралған мәселе — екі жылда атқарылған жұмысты қорытындылап алдағы жоспарды бекітті. Жоба аясында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндіктер болатынын айқындады.
«Ұлағатты ұстаз –ұлт мерейі Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» — деген дана Абайдың сөзі бар. Өйткені ұстаз келер күннің ұстасы. Кез келген талапты оқушыны білімнің биігіне шығаратын ұстаз екені баршамызға мәлім. Осы орайда «Ұлағаты ұстаз» жобасы аясында саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Ескелді ауданы, Матай Байысов ауылының тұрғыны Көптілеуова Күлжамал Мұханқызын кәсіби мерекесімен өңірлік партия филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы құттықтап, ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған, шәкірттеріне абыройлы болған ұлағатты, ұстаз екенін атады. Сондай- ақ Бақтыбай ауылының жастарымен Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖОЛДАУЫН мектебімізде талдадай отырып, Жолдауда айтылған маңызды мәселелер туралы жастарда өз ойларын ортаға салды. Сондай -ақ Президент бастамасының маңызды екенін айта келе Елбасының бастамаларына қолдау білдіретіндігін жеткізді.
Кітап –ақылына ақы сұрамайтын қазына. Әр ұлттың, елдің келешегін, болашағын баян ететін, тарихы мен өткенін жыр ететін ол – кітап. Қай ғасырда болмасын кітаптың орны бөлек. Осыған орай Ұлттың мұра» жобасы аясында «Кітап-үнсіз мұғалім»тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі атты көрмеге қатысып, рухани баю-тұлғалық даму үшін басты міндет екендігін атап өттік.
16 қыркүйек күні Бақтыбай Жолбарысұлы мектебімізде сенбілік өтті. Сенбілікке мектеп ұжымы жаппай қатысты, ұстаздармен бірге белсене атсалысып, мектеп ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілді.
Сондай –ақ Президентіміз Қ.Ж. Тоқаевтың үндеуіне байланысты Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының жастарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мемлекет басшысының үндеуімен таныстырып, үндеудегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жастармен бірігіп талданды .
Жолдауда айтылған маңызды мәселелер туралы жастарды өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Президентіміздің үндеуінде айтылған «Ауыл шаруашылығын дамыту» негізгі проблеманы бірі екендігі, осы саладағы ахуал еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні айтылған. Сондықтан еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтып, құнын арттыру қажеттігінің рөлі зор екенін айқындап берді.
Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы кедергі болып отырғанын айта келе қажетті мамандарды даярлау үшін мықты жоғарғы оқу орнын анықтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар жолдауға байланысты жоғарғы сынып ұстаздарына жаратылыстану математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту қажеттігін кездесу барысында таныстырып тапсырылды. Кездесу ауқымды түрде өтіп, Президент бастамасының маңызды екенін қорытындылай келе, Елбасының бастамаларына қолдау білдіретініміз анық.

Жанат Оспанов,
Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылы, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектеп КММ директоры, Жетісу облыстық Мәслихатының депутаты