СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚАУІПТІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС!

Қазіргі таңда еліміздің дамуына бірден-бір кедергі және үлкен проблемалардың бірі, бұл–сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз. Осы қатерді түпкілікті жою үшін әр қазақстандық, әр отбасы «сыбайлас жемқорлық» өз бойындағы дерт деп ұғынып, барынша күресуі қажет!!!


А.Т.Жунусова,
«Жалғызағаш ауылдық
округі әкімінің аппараты»
ММ-нің бас маманы