Бүгін «Сырымбет» бастауыш партия ұйымында партиялықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, маңызды құжатты жүзеге асыру туралы кеңесті. Іс-шараға партияның аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия төрағасы, ауыл ақсақалдары және партия белсенділері қатысты. Партиялықтар Жолдауда жоспарланған ауқымды, әрі нақты іс-шаралар туралы ой өрбітті. Сонымен қатар, жұртшылықты алаңдатып отырған өзекті мәселелер сөз болды. Жолдауда айтылған денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарау сияқты Президент бастамаларына қолдау білдірді. Кездесу еркін форматта өрбігендіктен ауыл тұрғындары жергілікті мәселеге де мән берді. Жол жағдайы, жарықтандыру ұсыныс-тілектерін білдірді. Депутаттармен емін -еркін әңгімелесіп, сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.