БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалы жанындағы баға тұрақтылығын қадағалау мақсатында құрылған мониторингтік топ Қарабұлақ ауылының бірқатар дүкендері, дәріханалары және жанармай құю станцияларына мониторинг жүргізді. Мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлерге тұрақтандыру қорынан тауарлар міндетті болуы және олардың бағасы белгіленген шектен аспауы тиіс екендігін түсіндірді.