«Қорғас» ШЫХО-ға барушыларға құлаққағыс!

Құрметті қонақтар!
«Қорғас» ШЫХО-на келуді жоспарлау кезінде Орталықтың жұмыс режимін ескеруіңізді сұраймыз!
• «Қорғас» ШЫХО таңғы 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді
• Жүк қабылдау пунктері 17.00-ге дейін
• Автобустар 18.00-ге дейін жүреді
Сағат 19.00-де Орталық жабылады және 19.00 — ден кейін өткізу пункті арқылы шекарадан Қазақстанға қайту мүмкіндігі жоқ.
Бұл жұмыс режимі Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге сәйкес бекітілді.

«Қорғас» ШЫХО әкімшілігі.