Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары

Бүгін «Жәрдем» бастауыш партия ұйымында партиялықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, маңызды құжатты жүзеге асыру туралы кеңесті. Іс-шараға ШЖҚ «Ескелді аудандық аурухана» МКК директоры, аудандық мәслихат депутаты, «Жәрдем» БПҰ төрайымы Құсмолданова Сауле Рыспекқызы аурухана ұжымымен жолдауды талқылады. Партиялықтар Жолдауда жоспарланған ауқымды, әрі нақты іс-шаралар туралы ой өрбітті. Сонымен қатар, аурухана ұжымының алаңдатып отырған өзекті мәселелер сөз болды. Жолдауда айтылған денсаулық сақтау саласына және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарау сияқты Президент бастамаларына қолдау білдірді. Кездесу еркін форматта өтті.